Тірі организмдер бір-бірімен қоректеніп, күрделі қоректік торлар құрайды. Белгілі бір өсімдік түрлі шөпқоректі жануарлардың жиі пайдаланатын қорегі болады. Ал ол шөпқоректі жануарларды жыртқыштар қорек етеді. Сонымен қатар шөпқоректі жануарлардың бір ғана биологиялық түрі бір уақытта түрлі өсімдіктермен қоректенуі мүмкін, ал бір түрге жататын жыртқыштардың құрбаны түрлі шөпқоректілер болуы мүмкін. Өсімдіктекті және жануартекті қорекпен қоректенетін — қорек талғамайтын жануарлар да кездеседі. Кейде жеу тізбегі мен ыдырау тізбегі өзара шырмалған болады. Мысалы, ыдырау тізбегіндегі өлі организмдердің қалдықтарымен ұлулар, құрттар, шаянтәрізділер қоректенуі мүмкін, олар өз кезегінде ірі жыртқыштарға қорек болады. Қорыта келгенде, көптеген қоректік тізбектер өзара шырмалады, сөйтіп күрделі қоректік торлар түзеді.
Шымтезек мүгі (Sphagnum) ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігі судан құралады. Ал құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзетін болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп аталады.
Шымтезек мүгі - сабағы жиі бұтақталған к қ өсімдік. Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары шоғырланып тұрады. Жасыл мүктен және басқа да мүктерден айырмашылығы - оның ризоиды болмайды. Су мен онда еріген минералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында ақшылдау-жасыл түсті жапырақтары бар. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары екі түрлі болады:
ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті тірі жасушалар;
ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар. Жасыл жасушаларда фотосинтез үдерісі жүреді және олар арқылы жапырақтан сабаққа ағзалық заттар өтеді. Екіншісі - өлі, түссіз жасушаларының қабырғаларында көптеген саңылаулары бар, сәл ірілеу, онда су қоры жиналады. Бұл жасушалардың тек қабықшалары ғана сақталған. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақтан; батпаққа айналуына себепші болады.
Шымтезек мүгі, жасыл мүк секілді жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Шымтезек мүгі - бірүйлі, қосжынысты өсімдік. Жынысты көбею кезінде аталық жыныс жасушалары сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында жетіледі. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялған. Аналық жыныс жасушалары қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.