Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді — оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. [1] Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км², көлемі 1340,74 млн. км³, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрологиялық режімінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км³. Мұхиттар 1322000000 км³, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000 км³, еспе су 8673000 км³, өзен мен көл суы 23250 км³, су булары 13000 км³. Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Олар өзара бұғаздар арқылы қосылып, Дүниежүзілік мұхитты құрайды.
Дүниежүзілік Мұхиттың беткі ағыстарының таралу аймағы. Су бетіндегі жел ағыстарының жылдамдығының және су тығыздығының бір қалыпты таралмауы салдарынан қалыптасады. Циклондық циркуляция аймағында, жел және су ағыстарының қарама-қарсы бағытқа шұғыл өзгеру аудандарында анық байқалады. Тереңнен көтерілетін ағыстар әсерінен Мұхиттағы дивергенция белдемінде жоғарғы қабат сулары қоректік заттары мол қабаттармен байытылып (биологиялық өнімділіктің жоғарылауына әсер етеді) отырады; бұл белдемдер – балық кәсіпшілігіне өнімді мол беретін аудан. Дивергенцияның тұрақты белдемдері мұхиттардың қоңыржай және субтропиктік ендіктерінің шығыс бөліктері болып есептеледі;
Мұхиттағы конвергенция белдемі – Дүниежүзілік мұхит суының беткі қабаттарының араласу аймағы. Мұхит бетіндегі ауа ағыстары мен су тығыздықтарының біркелкі таралмауларынан дамиды. Негізінен жылы және суық сулардың тоғысқан жерлерінде қалыптасады. Конвергенциялық белдемде су тығыздығының қалыпты жағдайларда таралмауы салдарынан беткі қабаттарда антициклондық және циклондық ағыс айналыстары дамиды. Антициклондық айналыста судың қарқынды араласуы мен төмен қарай ығысуы қалыптасса, циклондық айналыстарда мұхит бетіне шығатын тереңнен көтерілу ағыстары дамиды. Осыған байланысты бұл белдемде жоғарғы биологиялық өнімділік жағдайлары қалыптасады. Дүниежүзілік мұхитты негізгі 4 тұрақты конвергенц. белдемге ажыратуға болады: солтүстік, оңтүстік субполюстік және солтүстік, оңтүстік субтропиктік белдемдер. Мұхиттағы конвергенция белдемі мұхит табиғатының маңызды элементі, себебі төмен ығысатын сулар мұхиттың терең қабатын жылытады және оттекпен байытып отырады. Мұхиттағы конвергенция белдемінде 100 – 150 м-ден астам тереңдіктегі су қабаттарының барлық негізгі гидролог. белгілері қалыптасады. Мұхиттағы конвергенция белдемі неғұрлым жоғары ендіктерде орналасса, судың температурасы соғұрлым төмендеп, тұнатын судың тығыздығы жоғарылайды, ол мұхиттың терең қабаттарын қамтиды;
Объяснение: