В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
DGOTVK
DGOTVK
01.06.2021 00:46 •  Биология

Осимдиктер бирлестигинин алмасу себеби

Показать ответ
Ответ:
Ha4uk
Ha4uk
08.10.2020 09:08

ответ:Өсімдік бірлестігі немесе Фитоценоз — бірдей жағдайда өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресетін өсімдік түрлерінің жиынтығы. Өсімдік бірлестігінің құрамына мүктер, қыналар, микроскопты балдырлар кіреді. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады. Фитоценоз — ашық биология жүйе, яғни, адам мен гетеротрофты жануарларға қажетті органиктік зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады. Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіп биоценоз құрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т.б.) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бір микроклиматтың құрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады.[1]

Бірлестіктегі басым өсімдіктерді доминантты түрлер болып есептеледі. Мысалы, қарағайлы орман, аршалы тоғай, талды жағалау т.с.с.

Аз санды немесе сирек кездесетін өсімдік түрлері де бірлестіктің тұрақтылығында маңызы рөл атқарады. Олар неғұрлым көп болса, соғұрлым бірлестік тұрақты болады. Фитоценоздың алғашқы өнімдер органикалық заттардың негізгі массасын өндіреді. Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері - өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің бедеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындығы әр-түрлі болуында.

Өрттен кейінгі орман алқабы

Орман ішінде өздерінің тіршілік ету қалыптары бір-бірінен өзгеше болып келетін өсімдіктерден құралған бірнеше белдеу кездеседі. Жоғары белдеудегі өсімдіктердің бөрікбасы жарық сүйгіш, ортаңғы белдеудегі өсімдіктер жарықтың аз ғана мөлшерімен қанағаттанатын ұсақ ағаштар мен бұталардан құралады. Төменгі белдеуде көлеңкеге төзімді жартылай бұталар, қырыққұлақтар мен әр - түрлі шөптесін гүлді өсімдіктер болады. Бұлардың түбінде мүктер және саңырауқұлақтар өседі. Сор топырақты жерлерде сабақтары етті болып келетін шөпсораң өседі. Шөлді жердік топырағында әр түрлі өсімдік бірлестіктері қалыптасады.

Эфемерлер- көктемде және жаздың басында жеміс беріп, құрғақшылық кезде тұқымын қалдырып қурайтын бір жылдық өсімдіктер. Эфемероидтар - даму мерзімі қысқа көп жылдық өсімдіктер түрі. Олар жазғы құрғақшылыққа дейін гүлдеп, тұқым береді де, жер бетіндегі бөліктері қурап, топырақта түйнектері немесе пиязшықтары қалады. Белгілі бір жерде өсетін өсімдіктердің түр құрамын флора деп атайды. Өсімдік бірлестігінің алмасуына адамның іс-әрекеті үлкен әсер етеді. Мысалы, ағаштарды кесіп құртыуынан немесе орманның өртенуінен ормандағы ағаш тұқымдары ауысады. Егер орманның жоғары белдеуінің ағаштарын кессе, күн сәулесінің түсуі өзгергендіктен, орман бірлестігіндегі өсімдіктер жаңа бір бірлестікпен алмасады.

Фитоценоздың өзгеруі периодты және периодсыз түрде болады, яғни әр-түрлі жылдарда ылғалдың бірдей түспеуіне, жануарлар санының өзгеріп отыруына байланысты.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Биология
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота