В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Viky2016
Viky2016
04.03.2023 13:48 •  Биология

Плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның қоймалжың ортасы?​

Показать ответ
Ответ:
yulaha3010oxppqh
yulaha3010oxppqh
15.10.2020 17:11

Ағзалар жасушасы үш бөліктен: қабықша, цитоплазма және ядродан құралады. Цитоплазма - плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Ол -динамикалық күрделі, көп қосымшалы жасуша жүйесі, жасушаның метоболизмдік жұмысшы аппараты, онда негізгі метаболизмдік процестер жүреді. Цитоплазмада цитоплазма, органеллалар және тұрақсыз қосылыстарды ажыратады. Цитоплазма негізін гиалоплазма түзетіндіктен, құрамы әр текті болады. Жасушаның ішкі құрылымын белгілеу үшін 1840 жылы чех ғалымы Пуркинье "протоплазма" деген терминді ұсынған. Протоплазма жасушаны құрайтын тірі зат кариоплазма мен цитоплазмаға бөлінеді. Бұл екі терминді (кариоплазма және цитоплазма) ғылымға енгізген 1882 жылы польшалық ботаник Страсбургер болды.

Цитоплазма - плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның қоймалжың ішкі ортасы болып табылады. Ал ағза тіршілігіне қажетті аноидтар гиалоплазма және қалып (матрица) деп аталатын массадан орналасады. Цитоплазма - жас жасуша кеңістігін толтырып тұратын түссіз, мөлдір, қоймалжың клегейлі, түйіршікті зат. Цитоплазманы алғаш рет чех ғалымы Ян Пуркине 1840 жьшы неміс ботанигі Х.Моль 1846 жылдары ашып сипаттап жазды. Цитоплазманың серпімділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері бар.

Цитоплазманың басты қасиеттерінің бірі - үнемі қозғалыста болуында. Қозғалысы көбіне айналмалы және тасқынды түрде болады. Айналмалы қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді. Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы органоидтар да қозғалады. Цитоплазманың барлық жағдайы, қозғалысы сыртқы ортаға тығыз байланысты. Оның қозғалысын хара балдырынан, не элодея, валмеснерия өсімдіктерінен байқауға болады. Цитоплазманың химиялық құрамы күрделі. Оның құрамы орта жағдайында өзгеруі мүмкін. Оның құрамында 30%-тен артық су болады. Су кейбір органикалық заттар мен тұздардың ерігіштік қасиетін арттырып, оның бір жасушадан екінші жасушаға ауысуына көмектеседі. Су көміртегін ассимиляциялау үшін және барлық тіршілік процесіне қажет. Судан басқа цитоплазманың құрамында 60-70% ақуыз, липоид, амин қышқылдары, витаминдер, фосфатидтер және басқа заттар болады. Цитоплазма - жасушаның күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі жасушаға тән тіршілік белгілерінің бәрі бар. Цитоплазма өсімдік жасушасының барлық тірі компоненттерінің қажетті тіршілік орны субстраты.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Биология
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота