В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Pazitifon3000
Pazitifon3000
08.04.2020 22:25 •  Биология

Рефлекстерді жіктеу тәсілдері туралы айтындар

Показать ответ
Ответ:

ответ:Рефлекстер мынадай түрлерге жіктеледі:

І. Биологиялық бағыттағы рефлекстер:

а) қорғану;

б) қоректік;

в) жыныстық (көбею және ұрықтану жөніндегі қамқорлық);

ІІ. Рецепторлардың түріне қарап рефлекстер:

Экстрорецептивтік немесе сыртқы ортадан жарықты, дыбысты, дәмді, оның ыстығы мен суықтық өзгерістерін қабылдайтын рецепторлар;

Интрорецептивтік ішкі жүйелердегі тітіркеністерді қабылдайды (олар мүшелердің қызметі мен өзгеруі, ішкі ортаның күйімен байланысты). Интрорецепторлардың кейбіреулері бұлшық етте, сіңірде, буын қалталарында орналасады. Оларды «буын-сезмі рецепторлары» немесе «проприорецепторлар» деп атайды.

ІІІ. «Жұмысшы мүшенің» қызметіне байланысты пайда болған рефлекстер:

Қимылдық (жүрек, қаңқа, тамырдың және ішкі мүшелердегі бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуы);

Секреторлық, денедегі бездердің сөлі (түкірік, гормондар) бөлінуімен байланысты;

Трофикалық – денедегі зат алмасуын қамтамасыз етеді.

ІV. Орналасуына байланысты рефлекстер:

Жұлын рефлекстері;

Бульбар (сопақша ми) рефлекстері: жөтелу, түшкіру, құсу;

Ми қыртысы рефлекстері, немесе шартты рефлекстер:

Мезенцефаль (орта ми рефлекстері) денені тік ұстау, жүру, жүгіру, т.б.

Күрделілігіне қарап рефлекстер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Мысал ретінде қарапайым рефлекстерге тізе рефлексі жатады. Ол екі – афферент және эфферент нейрондардан пайда болған.

VІ. Тума рефлекстер: шартты, жүре пайда болған, шартсыз тума рефлекстер болып бөлінеді.

Бұл жерде ескеретін бір жай, орталық нерв жүйесі зақымданбай тұтас тұрғанда оның жоғарғы бөлімдерінің рефлекстеріне төменгі бөлімдер де қатысады; сондай-ақ төменгі бөлімдер (жұлын, сопақша, ортаңғы ми) іске асыратын рефлекстер кезінде қозу импульстері жоғарғы бөлімдерге (аралық ми, қыртысасты ядролары, ми қыртысы) де жатады. Сондықтан бұлар да тиісті дәрежеде белгілі бір рефлекстің іске асуына қатысады және осы тұрғыдан қарағанда әрбір рефлексті бүкіл организмнің реакциясы деп қарауға болады. Оның бер жағында қандай да болмасын рефлекс оңаша, басқалармен еш байланыссыз және байқалмайды. Бір орган рефлекстері басқа органдар қызметтерін өзгертеді және керісінше. Мысалы қаңқа еттерінің жиырылуына байланысты болатын қозғалу актыларының барысында барлық дерлік ішкі органдардың қызметтері жанданады.

Дегенмен, аталған рефлекстер өздеріне тиісті бөлімдер сау болған жағдайда, басқа бөлімдер қаты да орындала береді. Мәселен, егер кесу арқылы бақаның миын жұлынынан ажыратса біраз уақыт (15-30 минуттай) өтіп, кесу зардабы (шок) аяқталған соң, оның аяғының терісіне әлсіз қышқылмен әсер етіп, немесе шымшу арқылы жұлынның өзіне ғана тән болатын рефлекстерді алуға болады (бүгілу, жазылу, сүрту, аймалау рефлекстері және ахиллес сіңірінен алынатын балтыр етінің жиырылуы – ахиллес рефлексі). Адамда табан терісін тітіркендіруден аяқтың басы, саусақтар рефлекторлық түрде иіледі (табан рефлексі). Тізеден ұрып санның төрт ұшты етінің сіңірін созса рефлекторлық түрде аяқ жазылады (тізе рефлексі). Бұларды да жұлын рефлекстеріне жатқызады. Сондай-ақ зәр шығару және дефекация (қи тастау) рефлекстері де жұлынның қатысуында іске асады. Ал ему рефлекстері, корнеальдық (көздің қасаң қабығына тигенде қабақтың жабылуы) рефлекс, сопақша сидың, қарашық рефлекстері (жарықтан қарашықтың кішіреюі) ортаңғы мидың қатысуында орындалады т.с.с.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Биология
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота