Жоғары сатыдағы өсімдіктер – өсімдіктер әлемінің негізгі екі тобының бірі. Екінші тобы – төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді ұрықты өсімдіктер (Embryobіonta, Emlryophyta), өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (Cormophyta, Cormobіonta), түтікті (теломды) өсімдіктер (Telomophyta, Telomobіonta) деп те атайды. Жер шарында Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай түрі белгілі Жоғары сатыдағы өсімдіктерге: риниофиттер, мүктәрізділер, плаунтәрізділер, қырықбуынтәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашық және жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер жатады.