В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Alinalina080206
Alinalina080206
21.02.2022 07:11 •  Биология

Жануарлар ұлпасының қызметі қандай?

Показать ответ
Ответ:

. Жануарлар ағзасының ұлпалары негізгі төрт топқа біріктірілген — эпителиальді, тірек-қорек, ет және жүйке ұлпалары. Эпителий (жабынды) — сыртқы ортамен шектес, денені сыртынан жауып тұратын және ішкі түтікті ағзалардың ішкі беткейін төсеп жататын ұлпа. Осы ұлпа негізінен қорғау, секрет бөлу, сіңіру, т.б. қызметтерді атқарады.

Эпителий ұлпаның негізін эпителиоцит атты жасушалар құрайды. Олар бір-бірімен қатар және тығыз орналасады. Эпителий ұлпасы жасушаларының орналасу қатарының санына байланысты бір қабатты және көп қабатты болып жіктеледі. Бір қабатты эпителий жазық, цилиндр тәрізді, текше тәрізді болып бірнеше түрге бөлінеді, ал көп қабатты эпителий өз кезегінде көп қабатты жазық мүйізделінетін, көп қабатты жазық мүйізделінбейтін және ауыспалы болып бөлінеді.

Тірек-қорек ұлпалары жасушалардан және жасушааралық заттардан тұрады. Олар, жануарлар денесінің тіректік құрылымдарын қалыптастырып, қоректендіру, қорғау, т.б. қызметтерді атқарады. Тірек-қоек ұлпаларының қатарына: қан және лимфа, ретикулярлы, болбыр және тығыз дәнекер ұлпаларымен қатар май, шеміршек, сүйек ұлпалары жатады.

Ет ұлпасы — миофибрилл, миофиламент секілді жиырылғыштық қасиеті бар құрылымдарымен сипатталады. Ет ұлпасының үш түрі кездеседі. Олар: бірыңғай салалы ет ұлпасы, көлденең — жолақты бұлшықет ет ұлпасы және жүректің бұлшық ет ұлпасы. Бірыңғай салалы ет ұлпасы — еріксіз, баяу жиырылатын, құрамында жіңішке жіпшелері — миофиламенттері бар, ядросы таяқша пішінді, сырт пішіні ұршық тәрізді болып келген жасушалардан тұрады. Аталған ұлпа негізінен тамырлар мен ішкі түтікті ағзалар — ішектер, қарын, жатыр, т.б. қабырғасының ортаңғы қабығын қалыптастырады. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы қаңқа бұлшықеттерінің негізін құрайды. Олар бұлшық ет талшығы — симпласстардан тұрады. Талшықтардың ішкі құрылысының құрамына көлденең жолақты миофибрилдер мен көптеген ядролар болады. Олардың жиырылу қабілеті өте жоғары болады.

Жүрек бұлшық ет ұлпасының құрылысы жасушалы құрылым болып келеді. Осы ет ұлпасының жасушасы кардиомиоциттердің құрамында жалғыз ядросы жне миофибрилдері болады. Жүрек бұлшық ет ұлпасының ерекше физиологиялық қасиеті бар. Жүйке ұлпасы ағзаның жүйке жүйесін құрайды. Жүйке ұлпасы негізгі екі құрылым — нейрон және нейроглиядан тұрады. Нейрон — жүйке ұлпасының ең негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі. Нейронның протоплазмасы мен ядросы бар, денесі және одан тармақталып тараған аксон өсіндісі жалғыз, ал дәндриттері бірнеше болады.

Нейроглия болса жүйке жүйесінің құрылымында тіректік және қоректендіру қызметін атқарады. Ұлпалар жануарлар денесінде белгілі бір қатынаста орналасып, мүшелерді қалыптастырады. Сонымен, мүше дегеніміз — өзіне тән белгілі пішіні бар және бірнеше ұлпадан тұратын, сонымен қатар белгілі бір қызмет атқаратын дененің бір бөлігі (бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, т.б.). Мүшелер бірігіп күрделі құрылымды жүйе құрайды. Ал ағзалар бірігіп ағзаны қалыптастырады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Биология
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота