В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
LLA7A
LLA7A
20.07.2022 10:01 •  Другие предметы

Хамурапидин зандары каншалыкты адил болды​

Показать ответ
Ответ:
GraniteScience
GraniteScience
24.12.2020 09:34

Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің көзқарастарына қарсылық көрсеткені туралы күмән жоқ, бірақ оларды қырсық құлдардан сақтауға тырысты. Орташа жанұялар Ерте Вавилонда  сирек кездесті. Құжаттарда көрсетілгендей құлдарды сатуға, алмастыруға, мұрагерлікпен беруге, сыйға тартуға, бір сөзбен айтқанда олардың тұрмыс жағдайына қарамастан оларды өмірлерін өз беттерінше қолданған құлдардың орташа бағасы 150-200 грамм күмісті құрады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Другие предметы
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота