Күрделі атаулардың бірінші сөзі тек бас әріппен жазылатын нұсқаны ажырат. XI ғасырда араптардың орта азия, қазақстан жеріне келуіне байланысты бұл жерлерді мекендеген халықтар өмір талабына орай араб жазуына көше бастады. Бұл сияқты қоғам тарихында болып жатқан өзгерістер тілге де өзіндік әсерін тигізбей қоймады, халықтардың жазу мәдениетіне де елеулі өзгерістер енгізді.
XII-XIV ғ. ғ. араб графикасымен жазылған түркі халықтарының көне ескерткіштері – Йүгінекидің «ақиқат сыйы», «әулие-әнбиелер қиссасы». Бұлар тілі жағынан V-VIII, XI. ғ.ғ. жататын ескерткіштердің жалғасы болып есептеледі.
Түркі туыстас тілдердің көне мұралары біздің заманымызға ескі латын жазуымен де жеткен. Олай болса, қазақ халқының мәдени дамуына латын жазуы да белгілі дәрежеде қызмет еткен. Бұл жазумен жеткен ірі ескерткіштердің бірі – «кодекс куманикус».
Рим əскери қызметінде жүрген көрші тайпалар əскербасыларының тақ үшін күресі шиеленісті. Сол тұста Рим көрші халықтардың шапқыншылық жорықтарынан қатты күйзелді. Əсіресе, Африкада қоныс тепкен германдардың вандал тайпасының шабуылдары қатты соққы болып тиді. Батыс Рим империясы билеушілерінің ішкі қырқыстарын жақсы пайдалана білген вандалдар 455 жылы Римді алады. Қаланы аяусыз тонап, қиратып, өртейді. Халқын қырып-жояды, мыңдаған адамдарын құлдыққа айдап алып кетеді. Ешбір көңілге қонбайтын осы ойрандаушылық "вандализм" деген сөзбі қалыптастырды. Вандалдардың талқауынан соң "мəңгі қала" атанған Рим қираған үйіндіге айналады.
Сыр өңірі – белгілі бір дәстүрдің ғана жеке дамыған жері емес, тоғыз жолдың торабы, сан түрлі тарихи оқиғалар мен көзқарастар бір мүддеге тоғысқан өлке. Сол себепті өңірде өмір сүрген жырау, жыршы, ақын, күйші, әнші, сал – серілер шығармашылығы әлем әдебиетінде сирек кездесетін құбылыс ретінде өзіндік сипаты басым өнер түрі есебінде айрықша назар аударады. Сыр елінде өмір сүріп, аты үш жүзге мәлім болған ақын – жырауларымыз ұрпақ тәрбиесіне, инабаттылық пен ой – өрісінің дамуына, эстетикалық талғам биігінен көрінуін басты назарда ұстаған.Мысалыға, атақты Ешнияз сал, Жиенбай Дүзбенбетов, Сәрсенбай Бөртебаев, Тұрымбет Салқынбаев, Тасберген Құлманов, Шегебай Бектасұлы, Рүстембек Жиенбаев, Дайырдың Оңғары, Молдахмет Дабылов, Жүсіп, Ібаш, Дүйсен, Мұзарап, Үбісұлтан, Әкімгерей, Көшеней тағы басқа да есімі елге кеңінен танылған жыршы-жыраулардың туған, өмір сүрген жері Сыр бойы, Қасиетті Қармақшы жері.