Жақты сөйлем — бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. Жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. Жақты сөйлем үшке бөлінеді: 1) арнаулы жақты сөйлем (“Мен оқиын. Сіз тыңдаңыз”); 2)ауыспалы (ортақ) жақты сөйлем (“Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”); 3) бастауышы белгісіз жақты сөйлемнегізінен, 3-жақта айтылады. Бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (“Біздің бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді”).