Контрольные тесты по теме: «пороки древесины».вариант № 1перечислите группы пороков древесины: а. в. дж. ибгезукажите, как делят сучки в зависимости от положения в сортименте: абвгд3допишите предложение.трещины представляют собой 4 определите, правильно ли , что метиковые трещины проходят междугодовыми слоями: а. даб. нет5определите, правильно ли , что морозные трещины окружены набоковой поверхности лесоматериалов валиками или гребнями: а, даб. нет6укажите, чему равен нормальный сбег толщины ствола на 1 метр его длины: a. 0,5смб. 1смв. 1,5см7определите, правильно ли , что закомелистость бывает округлая иребристая: а, даб. нет8определите, правильно ли утверждение, что крень понижает твердостьдревесины: а. даб. нет9укажите максимальный размер диаметра глазков: a. 2ммб. зммb. 5mm10 | определите условия, наиболее благоприятные для грибов: a. t= 10 — 15°, w = 15 – 30%б. t= 15 – 25°, w = 30 — 60%b. t= 30 – 45°, w = 60 — 90%11определите, правильно ли , что плесень понижает механическиесвойства древесины: а. даб. нет12 | назовите виды чepвoтoчины в зависимости от глубины проникновенияб.а.в.г.13из перечисленных дефектов выберите механические повреждения: обдир коры,риски. бахрома, карра, ворсистость, волнистость, заруб, отщеп, скол, багорныенаколы, ожог, рябь шпона, задиры, выщербины и т.д.
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің Кіші жүз бен Орта жүздегі саясаты
Объяснение:
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің Кіші жүз бен Орта жүздегі саясаты
Хиуа хандығы
XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр жағдайын солтүстік-батыстан — башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан және Хиуа хандықтары тарапынан төнген қауіп күрделендіре түсті.
Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісіне түсуі және ішкі ұлттық тұтастықтың болмауы Әбілқайыр бастаған саяси топтың Ресей империясының үкіметімен жақындасуына жол ашты. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара алауыздығын тереңдете түсті.
Кіші жүзде өзара дүрдараз Әбілқайыр хан мен Батыр сұлтан билік жүргізсе, Орта жүзде Сәмеке мен Күшік хандар ресми хан саналғанымен, Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар да дербес билікті иемденді. Сәмеке мен Күшіктің билігі Ұлы жүздің бір бөлігіне де тарады. Олар өз кезегінде Жоңғарияға тәуелділікте болды. Ал Ұлы жүздің қалған бөлігінде Жолбарыс ханның билігі сақталды. Патша үкіметі қазақ билеушілерінің өзара алауыздығын шебер пайдаланып, әкімшілік және саяси шаралар арқылы батыс аудандарды отарлауын жеделдетті. Қазақ жерінің батыс бөлігі Ресей империясына іргелес орналасқан аймақ еді. Кіші жүздің бірінші болып Ресейге қосылуы мұнда, отарлық езгінің алғашқы ауыртпалығын да ала келді. Осыған байланысты Кіші жүз үнемі ұлт-азаттық қозғалыстың ошағына айналды.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы билеуші топтардың арасындағы алауыздық 1748 жылы Әбілқайыр ханның өліміне әкелді. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру мүмкіндігін әлсіретті. Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта жүзге жүрмеді. Тіпті Кіші жүздің өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің жағдайы орнықты болмады. Нұралыны Кіші жүздің рубасылары түгелдей мойындаған жоқ.
Әбілқайыр хан
Сырдария төңірегіндегі, шекті руы Батыр сұлтанды хан сайлады. Нұралыны тек байұлы рулары қолдады. Нұралы өз жағдайының қиындығын жақсы түсінді, ендігі уақытта қолдауды рубасыларынан емес, патша үкіметі тарапынан іздей бастады. Кіші жүздегі нақты жағдайдың барысын бақылап отырған патша үкіметі де өз тарапынан Қазақ жүздерінің саяси жағынан нығаюына мүдделі болған жоқ. Орта жүздегі Абылай ықпалының арта түсуі, қазақтарға көрші башқұрт халқында азаттық күрестің өрістеуі патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне қайшы келеді.
1748 жылы патша үкіметі Нұралыға хан атағын бекітіп беріп, жылына 600 сом мемлекеттік жалақы белгіленген. Ол орыс мемлекетінен жалақы алатын шенеунікке айналды. Нұралы хан енді өзінің барлық іс-қимылдарын патша үкіметімен ақылдасып жүргізуге тиіс болды, оған Орынборға аманат жіберіп тұру міндеті жүктелді. Патша үкіметінің бұл шаралары Нұралыға деген сұлтан ақсүйектері мен рубасыларының қарсылығын одан әрі өршіте түсті. XVIII ғасырдың 40—60-жылдарында оңтүстік шекаралардағы жайылымдар үшін қарақалпақтар, түрікмендермен қақтығыстар да күшейе бастаған еді.
Қазақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жерлер үшін торғауыт қалмақтарымен қарым-қатынасы нашарлай берді. Халықтарды бір-біріне айдап салу мақсатында патша үкіметі «ішкі жаққа» өткен қазақтарды тұтқындауға бұйрық берді. Осының бәрі Нұралы хандығында қысқы жайылымдар үшін жер тапшылығы дағдарысын туғызды.
Еділ
Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батыс өңіріндегі құнарлы да шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі қазақтардың дәстүрлі жайылымдық жерлерін мейлінше тарылтты. Жайық бойын қуалай тұрғызылған бекіністер тізбегі — Ор шебі қазақтар тарапынан қарсылық тудырмай қоймады. Ор өзенінен әрі жалғасқан Сібір, Ащы шебі Ертіс шебімен қосылды. Ал бекіністерге қоныстандырылған орыс-қазақтар мен жерсіз орыс шаруаларының жергілікті қазақтардың жеріне көз салуы патша үкіметі езгісіне қарсы наразылықтың өрістеуіне негіз болды.
1742—1765 жылдардағы заң актілері бойынша казақтардың Еділ мен Жайық арасындағы, Есіл мен Тобылдың жоғары ағысындағы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойындағы жерлерде көшіп-қонуына тыйым салынды. Бұл жағдай казақтардың түпкілікті мүдделеріне қайшы келді. 1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтардың біразы Жоңғарияға көшіп кеткеннен кейін де бұл жер қазақ әскерлеріне және мемлекеттік қорға берілді. Осылайша жер тапшылығы қазақ билеушілерінің арасындағы алауыздықты одан әрі ушықтыра түсті.
Сыр елі көптеген жыр сүлейлері туып өскен қасиетті мекен.Бұл топырақта көптеген жыршылар мен ақындар дүниеге келген.Оларды көбісі,көбісі білмейді. Сыр елін «Сүлейлер елі» деп тегін атамаса керек. Сыр елінен шыққан Ешнияз сал, Балқы Базар, Жиенбай жырау, Шораяқтың Омары, Сәрсенбай, Нұртуған, Тұрмағанбет, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Жаңаберген, Бұдабай, Нартай сияқты ақын-жыраулардан бастау алатын сүлейлер шоғырын олардың кейінгі буын ұрпақтары – Мұзарап, Рүстембек, Көшеней, Шәмшәт, Арзулла, Сұраған, Рысбек, Бекұзақтар болса, осы дәстүрді бүгінгі буынға үйретуде.Ел ішінде атақ пен зор абыройға ие болған.Сол себебтің оларбың есімін есте сақтап ұмвтпауымыз керек.