21-жаттығу
қта тұр. Егер қарындашты
1. Қарындаш жазық айнадан 25 см қашықтықта тұр. Егер қаr
айнадан 10 см-ге әрі жылжытып қойса, қарындаш пен оның кескіні
арақашықтығы қандай болады?
(Жауабы: 70 см)
2. Егер айнаны нәрсенің жалған кескіні пайда болған жерге жылжытып
қойса, нәрсе мен кескінінің арақашықтығы қалай өзгереді?
(Жауабы: 2 есе артады)
*3. Егер екі жазық айнаның арасындағы екі жақты бұрыш 45°; 30° болса
қанша кескін алуға болады?
(Жауабы: 7; 11)
*4. Екі өзара параллель жазық айна неше кескін береді?
(Жауабы: 3)
*5. Егер жазық айнаны 20°-қа бұрса, одан шағылған сәуле қанша бұрышқа
бұрылады?
(Жауабы: 40°)
*6. Өзара екі жақты 60° бұрыш жасайтын екі жазық айнадан тұратын жүйе
жарқыраған нүктенің неше кескінін береді?
(Жауабы: 5)
7. Күннің биіктігі 50°. а) Құдықтың түбіне жарық түсіру үшін; ә) Күн
сәулелерін горизонталь бағыттау үшін жазық айнаны қалай орналастыру
керек?
(Жауабы: горизонтқа а) 70°; ә) 115° немесе 65° бұрыш жасайды)
8. Тегіс, мөлдір емес немесе жылтыр фотоқағазға шығарылған суреттің
қайсысына қараған көзге жеңіл болады?
(Жауабы: тегіс, мөлдір емес фотоқағаз)
9. Өз кескініңді айнадан көруге болады, ал қабырғадан неге көре ал-
майсың?
10. Сәуленің түсу бұрышы 60°. Түскен сәуле мен шағылған сәуленің ара-
сындағы бұрышты табыңдар.
(Жауабы: 120°)
*11. Бойы 1,79 м адам ұзындығы 12 м ағаштан 5 м қашықтықта тұр. Адам
қандай қашықтыққа жазық айнаны қойған кезде ағаштың үстіңгі нүктесін
көре алады?
(Жауабы: 65 см)
Шыгарылуы керек
ответ:1)
(10+25)×2=70
Объяснение: