Тест сұрақтары: 1. Қысым ... анықталады
А) күштің ауданға қатынасымен
В) күштің салмаққа қатынасымен
С) ауданның уақытқа қатынасымен
Д) ауданның күшке қатынасымен
2. Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, оның ішіндегі қысым
А) соғұрлым төмен болады.
В) алғашқыда төмендейді, сосын жоғарылайды
С) жоғары да, төмен де болуы мүмкін
Д) соғұрлым жоғары болады
3. Дененің тірек ауданын кішірейткенде оның қысымы ...
А) артады
В) кемиді
С) алғашқыда кемиді, сосын артады
Д) өзгермейді
4. 1 Па дегеніміз
А) 1 м/с
В) 1 кг/м3
С ) 1 Н/м2
Д) 1 Н/кг
Е) Н/мм2
5. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Бұл қағида -
А) Архимед заңы
В) Инерция заңы
С) Паскаль заңы
Д) Ньютон заңы
6.Гидростатикалық қысым бір тереңдікте
А)өзгермейді
В) артады
С) кемиді
Д) бірдей болады
7.Сұйықтың қысымын өлшеуге арналған аспап
А) динамометр
В) барометр
С) манометр
Д) танометр
8.Адамның үлкен тереңдiкке түсуi мүмкiн емес, өйткенi жоғары қысымның әсерiнен адамның қаны атмосфералық қанығады.
А) гелиймен
Б)азотпен
С)сутегімен
Д)оттегімен