Экваторлық климат – экваторлық белдеуде төменгі қысымды атмосфералық ауаның жыл бойына әсер етуінен қалыптасатын ыстық әрі ылғалды климат. Экваторлық климат өңірінде тропиктік жаңбыр (жылына 3000 мм және одан да артық) салдарынан құрлық ылғалдылығы шамадағыдан тыс артық болады және ауа температурасы өте жоғары (орташа жылдық температура 24 – 28С) келеді. Температура мен ылғалдық ерекшеліктеріне қарай жыл маусымдары арасында айырмашылық онша байқалмайды. Температураның және жауын-шашынның жылдық мөлшеріндегі ең жоғары шамалар көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі кезінде болады. Мұндай климаттық жағдай ылғалды экваторлық орманның өсуіне және тропиктік дақылдар (кокос пальмасы, банан, ананас, какао, т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Экваторлық климат негізінен Африканың экваторлық бөлігіне, Оңтүстік Американың Амазонка алабына, Орталық Америка және Индонезияның біраз бөлігіне тән; қ. Атмосфераның жалпы циркуляциясы, Климат. [1]
Экваторлық белдеу – Жердің экваторлық өңірін (5 – 8 солтүстік ендік пен 4 – 11 оңтүстік ендік аралығы) қамтитын, екі субэкваторлық белдеу аралығындағы табиғи белдеу. Ауаның тұрақты жоғары температурасымен (орташа айлық көрсеткіш 24 – 28С), бүкіл жыл бойына созылатын мол жауын-шашын мөлшерімен (1500 – 3000 мм, кейде 10000 мм), жылдық радиация балансының жоғарылығымен (жылына 70 – 90 ккал/см2), ағын суының молдығымен, грунт суларының аса тұщылығымен және жер бетіне жақын жатуымен сиппатталады. Экваторлық орман өзінің флоралық құрамының байлығымен және фитомассасының жоғары өнімділігімен (40 – 50 т/га кепкен масса) ерекшеленеді.