География (гр. γεωγραφία, «жерді сипаттау» деген мағына береді: гр. γαία — «Жер» және гр. γράφειν — «сипаттап жазу», «суреттеу»[1]) — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым:
Жердің географиялық қабығын зерттейтін ғылымдар кешені. Географиялық ғылымдардың зерттеу нысандары: геосфера (биосфера, атмосфера, литосфера, гидросфера және жер қабаты) және геожүйелерді (ландшафтты, табиғи аймақтарды, биогеоценозды т.б.)[2]
белгілі бір территорияның аймақтың, нысанның, құбылыстың немесе процестің уақыт пен кеңістікке байланысты ерекшеліктері туралы білім жиынтығы (мысалы, мұхиттар мен құрлықтар географиясы, Қазақстан географиясы, дала географиясы, әлеуметтік география, тарихи география).[3][4]
Қазақстан аумағында табиғатты құраушы объектілер 20 ғасырдың басына дейін жеке-жеке зерттеліп келді. Тек 1920 жылдардан бастап Қазақстанда физикалық география бойынша деректер жүйелі түрде жинала бастады. Осы жылдары (1930) табиғи құбылыстар мен процестерді зерттеу бойынша жеке салалар (климатология, гидрология, гляциология, геоморфология, топырақ географиясы, биогеография, т.б.) қалыптаса бастады. Кейіннен оларға ландшафттану, топонимика қосылды.
Қазіргі кездегі География зерттеудің ғарыштық әдістерін пайдаланбайынша дами алмайды. Географияның ерекше функциясына өзіміздің планета мен оның табиғи-тарихи дамуы; туралы, елдер, қалалар, жерлер және оларды мекендейтін халықтар туралы білімді жинау, қорыту және тарату жатады. География басқа ғылымдармен бірге отаншылдық пен интернационализмнің негізін қалыптастыратын дүниетанымдық және гуманитарлық ғылым болып табылады.[97][98]