Саяси география - саяси үрдістердің кеңістік жағдайындағы аумақтық, экономикалық-географиялық, климаттық және т.б. табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейді. Саяси география географиялық түрге баса көңіл бөле отырып, оларға саяси түсініктеме береді, саяси аспектілеріне талдау жасайды.
Ғылыми әдебиетте саяси-географиялық зерттеулерді шартты түрде үш түрге бөледі:
жалпы әлем мен ірі аймақтардың саяси географиясы;жеке елдердің саяси географиясы;саяси тұрғыдан ерекше нақты аумақтардың саяси географиясы.
Объяснение:
Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы.
Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумактык қауымдастықтары, оның ішінде, олардың дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және коршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және баска белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары
Эратосфен (гр. Ἐρατοσθένης ὁ Κυρηναῖος;Б.д.д. 276 – 194 жж) - грек ғалымы, математикамен қатар астрономия, география, тарихты да жақсы білген. Ол жай сандарды табудың тәсілін ойлап тауып, сол кездегі белгілі әлем картасы мен аспан денелерінің картасын жасаған, сондай-ақ (високосный) жылды еңгізудің қажеттілігін негіздеген. Оның негізгі жетістігі – Жердің көлемін адамдар оның шар тәріздес екенін білгенге дейін есептеп шығаруы. Өз есептеулерінің негізінде ол картада белгіленбеген мұхиттың әлі де орасан үлкен кеңістіктері бар екенін болысады және оның айтқаны дұрыс келеді.