Тақырып бойынша қайталау сұрақтары: 1. Жер бедерін қалыптастырушы ішкі күштерді атаңдар. 2. Жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерге мысал келтіріңдер. 3. Басты тау жасалу кезеңдерін атап, нақты мысал келтіріңдер. 4. Сыртқы күш (экзогендік күш) дегеніміз не? 5. Басты экзогендік күштерге не жатады? 6. Үгілу әрекеті дегеніміз не? 7. Үгілудің қандай түрлерін білесіңдер? 8. Ағын су әрекеті әсерінен қалыптасатын жер бедері түрлерін атаңдар. 9. Мүз әрекетінен қалыптасқан жер бедері пішіндері қалай аталады? 10. Жыралар мен аңғарлар қандай жолмен қалыптасады? 11. Карстық жер бедері қандай жерлерде пайда болады? 12. Карстық жер бедері қалай қалыптасады? 13. Золдық әрекеттер әсерінен түзілетін жер бедеріне мысал келтіріңдер. 14. Үгілудің қандай түрлері бар, нақты мысал келтіріңдер. 15. Минералдардың ең басты физикалық қасиеттеріне не жатады? 16. Минералдардың адам өміріндегі маңызы қандай? 17. Антропогендік жер бедері дегеніміз не?