В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История

Зің таңдап алған қ нысанды жүйелеу әдісімен қысқаша сипатта

Показать ответ
Ответ:
SofiCat5
SofiCat5
27.04.2020 22:39

Объяснение:

Мәлімет тақырыбы: тәжірибе жүзінде географиялық нысандардың қасиеттерін айқындау. Географиялық нысан деген не және ол қандай қасиеттерге ие? Географиялық нысандардың қасиеттері туралы тәжірибеде қалай білуге болады?

Географиялық нысан — жердің беткі қабатының белгілі бір қалыптағы айтарлықтай тұрақты тұтас элементі. Географиялық нысандар бір-бірінен шартты географиялық шек арқылы бөлініп ажыратылады. Географиялық нысандардың шығу тегі әртүрлі болуы мүмкін: табиғи (материктер, мұхиттар, өзен-көлдер, таулар, шалғындар, ормандар және т.б.) және антропогенді (қала мен ауылдар, ғимараттар, егістіктер мен саябақтар, зауыт-фабрикалар, көлік жолдары және т.б.).

Қасиеттері — бұл географиялық нысанның өзіне ғана тән белгілері. Қасиеттер бізге бір нысанды екіншісінен айыруға немесе осындай өзге нысандармен ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді. Географиялық нысан анықтамасына қарап-ақ, оның мынадай негізгі қасиеттері барын анықтауға болады:

тұтастық — нысан элементтерінің ішкі бірлігі, яғни нысан белгілі бір тәртіппен орналасңан өзара байланысты және өзара тәуелді элементтерден тұрады.

тұрақтылық — сыртқы жағдайдың әсеріне қарамастан географиялық нысанның ағымдағы жағдайын сақтап қалу қабілеті.

географиялық орналасу — Жер бетіндегі нысанға, осы нысанға тікелей немесе қосалқы ықпал етуші кез келген нысандарға қатысты географиялық координаттар жүйесінде өз орнының болуы.

шығу тегі — табиғатта немесе адам қызметі саласында (антропогенді) туындау.

Әрбір нысанның ортақ және айырым қасиеттері болуы мүмкін. Ортақ қасиеттер нысандарды топтарға біріктіруге көмектеседі. Айырым қасиеттер бір нысанды екіншісінен ажыратуға көмектеседі. Барлық орман үшін ортақ қасиет — белгілі бір жерде ағаштардың көп болуы. Ал ағаштардың түрлері бойынша ормандар бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Атап айтқанда, жалпақжапырақты, қылқанжапырақты және аралас ормандар.

Географиялық нысанның әрбір қасиетін сапалық әрі сандық тұрғыдан көрсетуге болады. Жезқазғанның географиялық орналасуын сапалық тұрғыдан, мәселен, мынадай сөздермен білдіруге болады: «Қала Орталық Қазақстанда орналасқан». Бұл мәліметті сандық тұрғыдан беру үшін Жезқазғанның координатын — барынша нақты мекенжайын көрсететін географиялық координаттар жүйесінде (ендік және бойлық градустарда) айқындалатын жердің беткі қабатындағы Жезқазғанның орналасуын көрсету керек. Қала координаттары — 47°47’00» с.е., 67°42’00″ш.б. Қызылорданың ауа райы туралы да сапалық және сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Мәселен: «Жазда Қызылордада өте ыстық, өйткені температура 40°С-қа жетеді».

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: География
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота