В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
arina121212
arina121212
09.11.2021 02:41 •  Геометрия

Қаңтардың он сегізі, дүйсенбі 1, бастым, қарадым, көрдім, келді Сынып жұмысы
2, бастың
Қазіргі таңдағы мамандықтар бастыңыз
Жедел өткен шақ
етістік ды, дi, ты, ті
оқу (оқы+ув оқу), жазады
оқыды, жазу, көру, отыр
Мен оқыдым, жаздым,
сен оқыдың, көрдің
Сіз оқыдыңыз, отыр дыңыз
Ол оқыды, ашты
Біз оқыдык, жаптық
Сендер оқыдыңдар, секір діндер
Сіздер оқыдыңыздар, ойнадыңыздар
Олар оқыды, сүтірді​

Показать ответ
Ответ:
NeekaFox
NeekaFox
17.02.2021 16:01

Етістіктің мағынасы іс-әрекетті білдіру болса, кез келген іс-әрекет белгілі бір мезгілде орындалады. Ол сөйлеуші айтып тұрған мезгілде өтуі мүмкін, немесе үнемі өтіп жататын әрекет болады, сондай-ақ не сөйлеп тұрған кезден бұрын, не кейін орындалуы да мүмкін. Ендеше, етістік шағы сөйлеп тұрған кезге қатысты анықталады.

Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары  етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.

Мысалы: Мен 1990 жылы тудым немесе биыл мен 14 жастамын. Бұл сөйлемдерде мезгілдің нақты уақыты айтылған. Ал шақ жұрнақтары арқылы іс, қимылдың өту кезеңдері сөйлеп тұрған кезбен анықталады. Осыған орай етістік шақтары үшке бөлінеді: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.

 

1. Өткен шақ

 

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.

1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.

Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді.  Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.

 

 

жақ жекеше көпше

I Мен оқыдым Біз оқыдық

II Сен оқыдың Сіз оқыдыңыз Сендер оқыдындар Сіздер оқыдыңыздар

III Ол оқыды Олар оқыды

 

2) Бұрынғы  өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.

Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары

1.   -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.

2.   -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.

3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді

Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары 

1) -атың -етің -итың -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы:

 

жақ жекеше көпше

I Мен оқитынмын Біз оқитынбыз

II Сен оқитынсың Сіз оқитынсыз Сендер оқитынсыңдар Сіздер оқитынсыздар

III Ол оқитын Олар оқитын

 

2) -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы:

жақ жекеше көпше

I Мен   барушы едім Біз барушы едік

II Сен барушы едің Сіз барушы едіңіз Сендер барушы едіндер Сіздер барушы едіңіздер

III Ол барушы еді Олар барушы еді

 

2. Осы шақ

 

Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.

Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.

1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.

Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.

Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл- олардың мағыналық ерекшелтктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері грамматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді. Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.

 

жақ жекеше көпше

I Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын) Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)

II Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың) Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз) Сендер отырсыңцар (жүрсіңдер, түрсыңдар, жатырсыңдар) Сіздер отырсыздар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар)

III Ол отыр

(жүр, түр, жатыр) Олар отыр

(жүр, түр, жатыр)

 

Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр  етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.

жекеше көпше

Мен оқып жатырмын Біз оқып жатырмыз

Сен оқып жатырсың Сіз оқып жатырсыз Сендер оқып жатырсындар Сіздер оқып жатырсыздар

Ол оқып жатыр Олар оқып жатыр

 

3. Келер шақ

Келер шақ - сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханага ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Геометрия
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота