В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Виталий0003
Виталий0003
12.01.2022 12:47 •  История

1.Бату (Батый) хан кім?

2.Алтын Орданың құрылуын сипаттаңыз.

3.Беклербек дегеніміз:

Показать ответ
Ответ:
SonyaYT
SonyaYT
25.01.2021 13:50

1.Шешесі — қоңырат Елші ноянның қызы Кочу қатын. Бату 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен әкесінің ұлысына хан болды. 1229 жылы Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысты. 1236—1242 жылдары біріккен ұлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық етті (қосымша Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы).Жошы ұлысын Ертістен Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне айналдырды. 1251 жылы Онон өзені бойында өткен Құрылтай жиналысында Батудың қолдауымен Мөңке ұлы хан болып сайланды. Батудың 26 әйелі, Сартақ, Тоқан, Әбуқан, Улақшы есімді 4 ұлы болған. Бату Еділдің сағасындағы (Ахтуба алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай қаласында жерленген.

2.1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.

1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды.

Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. (Карта қою керек) Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.

3.Беклер бегі немесе Бектердің бегі (османша:بكلربكی = Beylerbeyi) - ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер. Алғашқы түркі тайпаларында сайланып қойылатыын атақ пен қызмет орны болса керек. Осы мағынада ұлыс бегі, ел бегі және ұлы бек деген терминдермен мәндес болған сияқты. Кейін Беклер бегі атағы мен қызметі түрік халықтары елдерінде кең тарап, ханның арнайы жарлығымен беріліп, тағайындалған. Беклер бегі аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқарған. Мәселен, Түркияда облыстарды басқаратын губернаторлар Беклер бегі деп аталған. 20 ғ-дың басына дейін Хиуа хандығында аса ірі тайпаларды (мысалы, қарақалпақ) басқаратын хан ұлығына Беклер бегі атағы берілген. Ұсақ руларды, аталарды билейтін аталықтар Беклер бегіне бағынған. Қоқан хандығына тәуелді қазақ тайпалары мен руларын басқаратын ханның мирасқоры Беклер бегі деп аталған

0,0(0 оценок)
Ответ:
AnnaKaramelka6684
AnnaKaramelka6684
25.01.2021 13:50

1)Бати;1209 - 1255/1256) - моңғол қолбасшысы және мемлекет қайраткері, Жошының ұлы, Шыңғыс ханның немересі. 1227 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, ол Ұлыс Жошының (Алтын Орда) ханы болды, сол жылы атасы қайтыс болғаннан кейін ол екінші буындағы шыңғысидтер арасында үлкені деп танылды.

2)Хан Өзбекінен кейін Орда феодалдық бытыраңқылық кезеңін бастан кешті. Алтын Орданың құлауы, Куликово шайқасында жылдамдады (1380) ... 15 ғасырда Алтын Орда Ноғай Ордасына (15 ғасырдың басы), Қазан (1438), Қырым (1443), Астрахан ( 1459 ж.), Сібір (ХV ғ. Аяғы), Үлкен Орда және басқа хандықтар.

3)Беклярбек, бекләрібек - Алтын Ордадағы мемлекеттік басқарудың менеджері, Мамайдан бастап, әдетте мангут тайпасынан шыққан нечингизидтерден шыққан. Заманауи премьер-министрдің қызметіне ұқсас ұлыстың екі негізгі әкімшілік позицияларының бірі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: История
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота