10. Абылай ханның ішкі саясатының маңыздылығына талдау жасаңыз . Маңыздылық критерийлері : Таң қалдырған саясаты? Есте қаларлық саясаты? Ішкі саясатының бүгінгі күндегі маңызы? Өзгеріске әкелген саясаты? Ішкі саясатын айқындайтын маңызды ісі?
Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады.
Өзінің қол астындағы халықты дұрыс басқару үшін Абылай үш жүздің әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеуші етіп тағайындады. Ол сот билігін күшейте түсті. Сонымен қатар белгілі қазақ билерінің және батырларының беделіне арқа сүйеді. Сондай күшті, ықпалды саяси тұлғаның бірі Бұқар жырау Абылайдың кеңесшісі болды. Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты. Ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналасуына қолдау көрсетті.
Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру процесіне басшылық етті және ұланбайтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады. Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда аса маңызды рөл атқарды. Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай ішкі аймақтарға жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алуға қол жеткізді. Алатау қырғыздарының қазақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты.