ХЫХ ғасырдың бас кезіне қарай шекара шебіне таяу аймақтардағы қазақ және орыс халықтарының арасында достық қатынастар қалыптаса бастады. Бұрынғы өзара атыс-шабыс бәсең тартты. Шекаралық аймақтардағы жәрмеңкелерде сауда-саттық қыза түсті. Қарапайым қазақтар мен орыстардың арасында бір-бірімен тамыр болу кеңінен етек алды. Сонымен қатар жайылымдық жерлердің көлемі елеулі түрде тарыла түсті. Мүның өзі мал өсіретін дәстүрлі шаруашылық жүйесін бірте-бірте бұза берді. Кіші жүз қазақтарының материалдық жағдайы әлдеқайда нашарлай түсті. Шекара шебіне таяу қазақтар ашаршылыққа ұшырады. Қазақтар шекара шебінің ішкі жағына қарай өтуге мәжбүр болды. Кейінірек онда қоныс аударған қазақтардың көпшілігі Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына белсене қатысты. Олар орыс армиясы жағында француздарға қарсы күресті.