Бородино шайқасы – орыс және француз әскерлері арасында 1812 жылы 7 қыркүйекте (ескі нұсқа бойынша 26 тамызда) Мәскеудің батысынан 125 шақырымдағы Бородино селосында болған 1812 жылғы Отан соғысындағы ең ірі шайқас еді.
1812 жылы 7 қыркүйекте таңның атысымен ұлы Бородино шайқасы басталып кетті. 6 сағат бойы орыс әскерлері қарсыласының жойқын шабуылдарына тойтарыс берумен болды. Екі жақтың шығындары да көп еді. Орыс әскерлері 38 мыңнан астам, ал француздар 58 мыңдай жауынгерден айрылды. Орыс әскері шегінді, алайда өзінің соғысқа жарамдылығын сақтап қалды. Кутузовтың әскери партизандық бөлімдермен «кіші соғыс» жүргізіп отырғандығы арқасында желтоқсанның аяғында Наполеон әскерінің қалдықтары Ресейден түпкілікті қуылды.
Бородино шайқасы XIX ғ. ең қанқұйлы шайқастардың бірі болып табылады. Ең қарапайым есептеу бойынша шайқастың әр сағатында соғыс даласында 2500 адамнан қаза болып отырған. Кейбір дивизиялар өздерінің құрамының 80%-нан айырылған.
Көрмеге 1812 жылғы Отан соғысы мен Бородино шайқасының тарихы, соғыс қимылдарының барысы және қаһармандары туралы әдебиеттер қойылған.