Эталон[1] (фр. etalon , stalo – үлгі) – ғылым мен техника дамуының белгілі бір кезеңіндегі ең жоғары дәлдік деңгейіне сай өлшеу бірліктерін алу, сақтау және беру үшін қолданылатын үлгі өлшемдері мен өлшеуіш приборлар. Оның бастапқы, қосалқы, арнаулы, мемлекеттік, куә, салыстыру, жұмыстық және көшірме эталон деп аталатын түрлері бар.
Бастапқы эталон бірлікті ең жоғары дәлдікпен алуды қамтамасыз етеді.
Қосалқы эталон – белгілерінің мәні бастапқы эталонмен анықталатын эталон.
Арнаулы эталон бірліктің ерекше жағдайдағы дәлдігін қамтамасыз етеді әрі сол жағдай үшін бастапқы эталонды алмастыра алады.
Мемлекеттік эталон белгілері бір ел үшін негізгі эталон ретінде ресми түрде тағайындалып, бастапқы эталонның не арнаулы эталонның қызметін атқарады.
Куә эталон – мемлекеттік эталонның сақталу дәрежесін тексеруге және оны бүлінген кезде (не жоғалғанда) алмастыруға арналған қосалқы эталон.
Салыстыру эталоны – эталондарды бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік жоқ жағдайда, оларды өзара салыстыру үшін пайдаланылатын қосалқы эталон.
Жұмыстық эталон бірліктің дәл өлшемін дәлдігі жоғары үлгілік құралға түсіру үшін қолданылады.
Көшірме эталон – бірліктің өлшемін жұмыстық эталонға түсіруге арналған қосалқы эталон; қ. Метрология.[
эталон-арнайы өлшем бойынша жасалған және стандарт ретінде ресми бекітілген, тексеру схемасы бойынша оның өлшемін төменгі деңгейдегі өлшеу құралдарына беру үшін физикалық шама бірлігінің көбеюі мен сақталуын қамтамасыз ететін өлшеу құралы (немесе өлшеу құралдарының кешені).

Объяснение: