І Петр немесе Ұлы Петр (9.6. 1672, Мәскеу — 8.2.1725, Петербург) — мемлекет қайраткері, орыс патшасы (1682 — 1725), Ресей императоры (1721), қолбасшы, реформатор. Романовтар әулетінен шыққан.
XIV Людовик де Бурбон немесе Ұлы Людовик (фр. Louis le Grand), туған кезіндегі аты Луи-Дьёдонне («Құдай берген», фр. Louis-Dieudonné), лақап аты «Күн-король» (фр. Louis XIV Le Roi Soleil), (05.09.1638, Сен-Жермен-ан-Ле —01.09.1715, Версаль) — Францияның және Наварра корольдігінің королі. 1643 жылдың 14 мамырдан бастап 72 жыл билікте болған, бұл Еуропа монархтарының арасындағы ел басқарудан ең ұзақ мерзім.
Людовик XIII-нің баласы. 1661 жылға дейін билік іс жүзінде кардинал Мазаринидің қолында болды.
Жас кезінде Фронда соғысын көрген Людовик абсолютті монархияның және корольдардың «құдаймен тең» құқықтары болуын жақтаған. «Мемлекет - ол мен!» деген атақты сөйлемшені тап осы Людовик айтқан деп есептеледі.
Людовиктің билік кезеңі Францияның бірігіп нығаюымен, оның әскери күштерінің, елдің саяси жағындағы салмағының ұлғаюымен және жалпы интеллектуалды, мәдени тарапынан көркемдеуімен сипатталады. Бұл кезен Францияның тарихына «Ұлы ғасыр» (фр. Grand Siècle атымен кірді. Сонымен бірге, дәл осы кезде к шиеленіскен әскери жанжадар туындап, нәтижесінде салықтар үлкейді. Осы жағдайдың саласынан халық арасында наразылақ туындап, халық көтерілістерге алып келген. Ал дінге еріктік туралы «Нант эдиктінің» күшін жойғызған «Эдикт Фонтенблоны» қабылдағаннан кейін 200 мыңнан астам гугеноттар Франциядан жер аударуға мәжбүр болған.
Франция үшін тиімді Вестфаль (1648) және Пиреней (1659) бітімдері жасалды. Ол көп соғысты, 1681 жылы Страсбургты қосып алды. Шіркеуді бағындыру үшін папа Иннокентий XI-ге қарсы күресті. Янсеншілдер мен кальвиншілерді қуғынға ұшыратты. Халықты аяусыз езіп, наразылық туғызды да, еңбекші бұқара көтерілісі өріс қалды.[1]