Ассирия" — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересі Асархаддон патшалық құрған уақытында Мысырды талқандады. Ашшурбанипалдың кезінде (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізінен Парсы шығанағына дейін созылып жатты. Мемлекет астанасы Ниневия өзінің сән-салтанатымен, архитектурасымен әйгілі болды. Қала кітапханасында түрлі мәтіндер жазылған 20 мыңнан астам бедерлі тақталар сақталды. Бұл бедерлерде, көбінесе, жорықтар, жеңілген елдердің қалаларын ойрандау, т.б. бейнеленген. Тұтас жартастардан патшаларды дәріптейтін мүсіндер тұрғызылды. Орта Азиямен, Арабиямен сауда қатынастары дамыды. Жол құрылысы кеңінен өрістеді. Ассирия әдебиетінің төл жанры – патша анналдары (жылнамалары). Соның бір құнды үлгісі – Саргон ІІ-нің біздің заманымыздан бұрынғы 714 ж. Урартуға жорығы туралы арамей тілінде жазылған «Ахикар туралы жыр». Бірақ Ашшурбанипалдан кейін басталған елдегі дағдарыс, оны пайдаланған Мидия мен Вавилонның біріккен күштерінің соққысы нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы 607 – 605 ж. Ассирия құлады. Ежелгі заманда Алдыңғы Азияны, Месопотамия мен Иранды мекендеген және сына жазуларды қолданған халықтардың (шумерлердің, вавилондықтардың, ассириялықтардың, т.б.) тілін, тарихын, мәдениетін зерттейтін ғылым саласы – ассиорология (ассириятану) қалыптасты. Ол, әсіресе, Англия, Франция, Ирак пен Ресейде жақсы дамыған.

Наполеон Бонапарт – жарты әлемді жаулаған тарихи тұлға.
Оны саяси қайраткер деп қана емес, ұлы қолбасшы, соғыс
өнерінің білікті маманы ретінде танимыз.
1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты
пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасады. Ол елде
алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18
мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты т.б.с.с.
Ол бірқатар реформалар жүргізді: азаматтық кодексті
қабылдау, Француз банкін негіздеу т.б.
1801-1802 жылдар – осы кезеңде Бонапарт Францияның
негізгі қарсыластармен (Ресеймен, Австриямен,
Ұлыбританиямен) бейбітшілік шарттар жасасады.
Александр I қарым-қатынастарды үзе отырып, Наполеон
Ресеймен соғысуға шешім қабылдады. Ресей компаниясы
1812 жылы Империя ақырының басы болды. Наполеонның билігі
тұсындағы сыртқы
саясаттың ерекшелігін
атайды
Наполеон билікке келісімен жаулаушылық соғыстар
жүргізіп, әлемнің көптеген елдерін тізе бүктірді.
Наполеонның әскери жетістіктері империя шекарасының
ұлғаюына алып келді. Наполеон күш-қуатының арқасында
Еуропа монархтарын өз билігімен санасуға мәжбүрледі.
Францияның жеңістері Наполеонның жеке жетістіктерімен
байланысты болды, алайда француз армияы әлсіз
болаттын.