Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы — Орал қаласындағы 1832 ж. негізі қаланған тарихи-мәдени мекеме. 1920 ж. қалалық реалды уч-ще мен казак-орыс өскерлері мұражайларының негізінде қайта құрылды. Мұражай залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған қыш құмыралар, ыдыстар, қола мен темірден соғылған жебе ұштары, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениеттен мағлұмат берсе, 19 ғ. мен 20 ғ-дың бас кезінде қолданылған әшекей бұйымдар, ұй жиһаздары, тұрмыстық заттар, ер-тұрмандар Батыс Қазақстан төңірегінде ғұмыр кешкен қазақ қолөнер шеберлерінің шеберліктерін танытады.Сондай-ақ, мұнда 19 ғ-дың соңы - 20 ғ-дың бас кезіндегі Орал қаласындағы саяси, әлеум. оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды фотосуреттер, құжаттар, заттық деректер қойылған. Мұражай қорындағы а.ш. өнімдерінің түрлері, шикізат өнімдері, еңбек ерлері жайындағы мәліметтер облыстық өндірістік және шаруашылық дамуының тарихын көрсетеді.