сообщение о каком либо герои былин,сказок,легенд народов России. например: русский Илья Муромец, чуваш улып,мордвин сияжар и другие по плану: 1.в каких произведениях упоминается
2. в каких событиях участвует
3.Как выглядит
4.какие нравственные качества проявляет
5.какое значение имеет для нас. СТРОГО ПО ПЛАНУ
Славяне – это народы, живущие на территории Восточной Европы. Они потомки воинственных племен ариев. Как выглядел знак солнца у ариев? До VI века славяне жили первобытнообщинным строем. Все было общее: хижины, орудия труда, охоты. Жизнь сильно зависела от природных условий. На рубеже VI – VII веков родовые отношения стали распадаться. Славяне улучшили технологию обработки металлов – изобрели доменную печь для обработки железа! Усилилось неравенство. Почему с появлением технологии обработки металлов усиливается неравенство? Возникла структура управления: князь, бояре, дружина. Большую роль стало играть вече – народное собрание по важным вопросам. Государство у славян в IX веке возникло как необходимость, как потребность.
Киев Русі – шығыс славян тайпаларының бірлесуі нәтижесінде Шығыс Еуропада 8 – 9 ғ-лар аралығында пайда болған мемлекет. 10 – 12 ғ-ларда Киев пен Новгородта жазылған жылнамаларда Киев Русінің тарихы 852 жылдан бастап көрсетіледі. Жылнамалар бойынша, 862 ж. Рюрикке ерген варягтар Киевке келіп басшылық жасаған. Бұл Киев Русін варягтар (нормандар) құрды деген 18 ғ-дағы норман теориясының шығуына негіз болды. Алғашында шығыс славяндарға жататын полян, руси, северян, древлян, дреговичи, полочан, словен тайпаларын біріктірген мемлекет князь Олег (882 – 911) тұсында күшейе бастады. Владимир Святославович князьдік еткен кезең (980 – 1015) Киев Русінің гүлденген тұсы болып есептеледі. Ол елге Византия ықпалымен христиан дінінің православие тармағын енгізді. 1024 ж. князьдік Днепрдің бойымен екіге бөлініп, 1036 ж. қайта бірікті. Ярослав Мудрый шіркеудің Византияға тәуелділігін жойып, Батыс Еуропа елдерімен тіке байланыс орнатты. Бірақ, оның 3 ұлы елді бөлісіп билеп, бөлшектенуге жол берді. Сыртқы жаулардан қорғану үшін уақытша бірігулер еш нәтиже бермеді. 1132 ж. Мстислав Владимирович князь өлгеннен кейін, Киев Русі толығымен ыдырап кетті. Мемлекетті қарулы жасаққа сүйенген князь басқарды. Князьдің айналасында ірі ақсүйектер – боярлар оған бағыт-бағдар беріп отырды. Киев Русі өз көршілерімен (нормандар, византиялықтар, хазарлар, печенегтер, түріктер, қыпшақтар, т.б.) тығыз қарым-қатынас жасады. 11 ғ-дың 2-жартысынан бастап Еділден Дунайға дейінгі аралықта Киев Русінің негізгі көршісі қыпшақтар болды. Қыпшақтар 1068 ж. және 1093 – 96 ж. Киев Русі не күйрете соққы беріп, елдің оңт. өңірлеріне өз билігін орнатты. Киев Русінің князьдері қыпшақ тайпалары қыздарына үйленуді дәстүрге айналдырды. Князьдердің жеке жасағы, негізінен, түркі тайпалары қарақалпақтардан, берендилерден (беренділер) құралды. Біршама уақыт қыпшақ билеушілері мен Киев Русі князьдері арасында достық қарым-қатынас орнады. Алайда, 1103 – 17 ж. Владимир Монамах князь өз жасағымен бірнеше рет жорық жасап, қыпшақтарды Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық, Дон бойына ығысуға мәжбүр етті. Киев Русіне Византия мәдениеті зор әсер етті. Әдебиет, негізінен, діни салада дамып, грек, көне еврей, араб тілдерінен көптеген кітаптар, эпостар аударылды. Төл әдебиет те дамыды. Киев Русінде туған “Повести временных лет” жылнамасы – орта ғасырлардағы Еуропа шежірелері ішіндегі ең елеулі шығармалардың бірі. Князьдікте сауаттылық біршама кең тараған, оған қабық самыра жазулары дәлел. Сәулет және бейнелеу өнерлері өз бастауларын ежелгі шығыс славян тайпаларынан алғанымен, саяси-мәдени байланыстар нәтижесінде Византия, Солтүстік Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс елдерінен көптеген үлгілер қабылданды. Киев Русі гүлденген дәуірде орыс шеберлері тас құрылыстар, мозаика, фреска, икона жасау, кітап миниатюрасы өнерлерін игерді. Христиан діні кіргеннен кейін толып жатқан ғибадатханалар салынды. Олардың ішіндегі көрнектілері Киевтегі София соборы (11 ғ.), Десятинная шіркеуі (11 ғ.), Черинговтағы Преображенский соборы (11 ғ.), т.б. болды.[1]
Kievan-rus-1015-1113-(blank).png
Bilibin justice.jpg
Тас құрылыстардың ішіндегі көрнектілері – астынан жол өтетін мұнаралары бар бекіністер (Киевтегі Алтын қақпа), сырты орланған, әрі топырақ қорғанмен қоршалған түрлі бекіністер мен мекен-жайлар болды. Музыкада халық шығармашылығы, ғұрып-салт музыкасы және түркілер мен нормандардың ықпалымен туған әскери музыка кең түрде дамыды. Князь сарайларында, жасақ басшыларында арнайы әншілер мен музыканттар қызмет жасады. Олар көсемдер мен даңқты батырларды мадақтайтын жырлар шығарды. Киев Русі шығыс славян халықтары үшін аса маңызды кезең болды. Орыс, украин, беларусь халықтары өз тарихтары мен мәдениеттерін сол дәуірден бастайды.