Төмендегі берілген белгілердің қайсысы Орталық Азия өркениетіне қайсысы тек Көшпенділер өркениетіне тән екендігін анықтаңыздар: а) мәдени негізіне рулық-тайпалық одақ жатады;
ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі” этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан;
б) мұсылман дінін біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған;
в) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этн. элементтерді өзіне сіңіре бастады;
г) 15 ғ-да Орталық Азияда қазақ деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты