Өздеріңді тексеріңдер 1. Ежелгі адамдар мен жануарлардың өмірін салыстыра отырып, Венн
диаграммасын құрастырыңдар. Қандай қорытынды жасауға болады?
Адам жануарлар дүниесінен қалайша бөлініп шыға алды?
2. Адамның типтерін хронологиялық реті бойынша орналастырыңдар:
а) неандерталь; ә) питекантроп, б) кроманьон; в) аустралопитек; г) синантроп
Аталған түрлердің қайсысы қазіргі адам типі болып саналады?
3. Берілген сөздерді пайдаланып, сызбаны толықтырыңдар: иемденуші
шаруашылық, егіншілік, балық аулау, мал шаруашылығы, терімшілік, өндіруші
шаруашылық, аң аулау.
.