1 1. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Қою әріппен берілген сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер. Оқу маған о бастан жеңіл тиді. Сөздің реті келгенде айта кетейін, мен бірінші сыныпқа барғанда біздің жеке өз үйіміз де жоқ еді. Әке-шешем көшіп-қонумен жүретін: жазда тауға кетіп, күзге қарай етекке түсіп, қыс- тауға бір-ақ оралатын. Сондықтан да төр- тінші сыныпқа дейін әкемнің інісінің үйін- де жатып оқуыма тура келді. Әдетте мені Қыстау – қыста отыратын тұрақ- мектепке баруға әтештің шақыруына қарай ты баспана. Оятатын. Сағат дегеніңіз бол- Шаш етектен – көп. майтын. Ұйқылы көзбен қалың қарды Омбылап, алты-жеті шақырым жол жүріп, мектепке жететінмін. Жеткен кезде кейде сағат әлі бес не алты болып шығатын. Ондайда күзетшінің қайырымы түссе жақсы: есік ашып, ішке кіргізеді, пеш жағады. Оның жанында маужырап ұйықтап алуға да болады. Үйге берілген тапсырманы орындайтын уақыт тек түн мезгілі ғана. Өйткені атқаратын шаруа шаш етектен: малға шөп салу, қорадағы малдың астын тазалау, су әкелу, бақшаның арам шөбін отау жұмыстары тіпті таусылмайтын. Есесіне алтындай қымбат уақытты бағалай білуді үйрендім, сабаққа дайындалуға да, өзім қатты құмартып алған кітапты оқуға да уақыт табатын болдым. Әрине, кітап оқуымда ешқандай да белгілі бір жүйе жоқ еді. Мектеп кітапханасынан қолға түс- кендердің бәрін алып, оқи беретінмін. (Нурсултан Назарбаев) мен өздерінің балалык шактарынды салыстырып көр
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Ұрысқа бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Шақшақ Жәнібек, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімесін жазды. 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын», «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929) өлең-поэмалар жинақтарын, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романын (1927), «Жер қазғандар» повесін (1927) жарыққа шығарды. 30-шы жылдары «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1934), «Социалистан» (1935) атты поэмаларын, «Айша» (1930), «Жемістер» (1935) атты повестерін жариялады.
Объяснение: