1.1993жылы бұрынғы Космановтар көшесіне кімнің есімі берілген? 2.Ғалым қай жылы репрессияға ұшырағанда өзі тұрған үйден ұстап әкеткен? 3.Ғимарат неше қабатты? 4.Неше бөлмеден тұрады? 5. Неше бөлме көрме залы ? 6.Бір бөлмеде не орналасқан? 7. Мұражай қорында 500 – дей қандай деректер бар? 8. Мемлекеттік мұрадан алынған түпнұсқа құжаттар саны неше? 9.Жеке сурет саны қанша? Ұжымдық суреті неше? 10.Ғалымның профессор лауазымы бар екендігі жөніндегі анықтама бар ма? 11.Қаламсауыт, мөртаңба, бұрыштама белгі, сиясауыт секілді заттарды Ахметтің жиені кім өткізген? 12.Орталық мұрағаттында ғалымның туған күнін нақты анықтайтын құжаттар бар. Ол нақты құжат бойынша қашан дүниеге келген?
«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.
Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.