1)78 бет,7-тапсырма. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. (Прочитай текст.ответь на вопросы по тексту)
Еліміз арзан электр энергиясын іздеуді мақсат етеді. Желдің күшімен өндірілетін электр қуаты халық шаруашылығына жұмсалады. Желдің күшімен алынатын электр энергиясы үйлерді жылыту, жап-жарық ету үшін пайдаланылады.
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдірсе, оның тиімділігі артады. Республиканың кейбір су электр стансылары мен жел электр стансыларын біріктіріп, электр энергиясын өндірген өте тиімді. Қыс айларында желдің күші көбейсе, жаз айларында азаяды. Ал су, керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Бұл — өте зор энергия көзі.
1.Желдің күшімен өндірілетін электр қуаты неге жұмсалады?
2.Ненің басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы көп?
3.Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын не істесе, оның тиімділігі артады?
4.Не қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді?
5.Бұл — өте зор ненің көзі?
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.