1. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.
A) Михаэлис.
B) Некрасов.
C) Герцен.
D) Байрон.
E) Гете.
2. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.
A) «Пайғамбар».
В) «Аққу, шортан һәм шаян».
C) «Жетісу суреттері».
D) «Жұртыма».
E) «Сағындым».
3. Ақбілектің ең жақын жеңгесінің есімін белгілеңіз.
A) Бозінген.
B) Күмісай.
C) Өрік.
D) Ұрқия.
E) Кәмила.
4. М. Мақатаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
A) 1931 – 1976 ж.ж.
B) 1845 – 1904 ж.ж.
C) 1835 – 1865 ж.ж.
D) 1804 – 1846 ж.ж.
E) 1894 – 1938 ж.ж.
5. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образын белгілеңіз.
A) Сұлушаш
B) Шолпан
C) Қамар сұлу
D) Баян сұлу
E) Айман
6. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Қамқорлық.
B) Достық.
C) Кешірімділік.
D) Дәстүр, салт мәселесі.
E) Жер мәселесі.
7. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен
ашылғанын табыңыз.
A) «Кел, балалар, оқылық!»
B) «Өзен»
C) «Өнер-білім бар жұрттар»
D) «Интернатта оқып жүр»
E) «Шәкірт ойы»
8. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Қалқаман-Мамыр".
B) "Батыр Баян".
C) "Абай жолы".
D) "Оянған өлке".
E) "Ақбілек".
9. «Қалың мал» романында: «Байдың қатыны өлсе,- төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны
өлсе,- басы қаңғырар» дегендей, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең,
қызын біреу өзі-ақ әкеп тастар,»- деп жұбату айтушы кім екенін белгілеңіз.
A) Ауыл ақсақалдары.
B) Итбай.
C) Серғазы.
D) Амантай.
E) Қарағұл.
10. « Таулардан өзен ағар сарқыраған» деп басталған өлең кімдікі?
А) Абай Құнанбаев
В) Сәбит Дөнентаев
С) Ыбырай Алтынсарин
Д) Мағжан Жұмабаев
Е) Сұлтанмахмұт Торайғыров
11. Абай төмендегі ақын – жазушылардың қайсысының шығармаларын аударған?
А) А. Чехов
В) А. Грибоедов
С) М. Лермонтов
Д) В. Брюсов
Е) В. Маяковский
12. Абайдың табиғат пен махаббат сырын үндестіре жырлаған өлеңі қалай аталады?
А) «Көлеңке бойын ұзартып»
В) «Көк ала бұлт сөгіліп»
С) «Жаз»
Д) «Желсіз түнде жарық ай»
Е) «Қараңғы түнде тау қалқып»
13. «Еңілік – Кебек» дастанын жазған кім?
А) М. Әуезов
В) М. Жұмабаев
С) С. Торайғыров
Д) Ш. Құдайбердиев
Е) С. Дөнентаев
14. «Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!» - деген
жолдардың авторы кім?
А) С. Сейфуллин
В) І. Жансүгіров
С) С. Торайғыров
Д) М. Дулатов
Е) А. Байтұрсынов
15. Абайдың өлеңін белгілеңіз.
А) «Өзен»
В) «Арғымаққа оқ тиді»
С) «Өнер білім бар жұрттар»
Д) «Жазғытұры»
Е) «Әкеме»
16. Қазақ әдебиетінде реалистік әдістің тууы кімдердің есімдерімен байланысты?
А) М.Дулатов, С.Көбеев
В) Ш.Уәлиханов, С.Торайғыров
С) А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин
Д) А.Қорамсаұлы, Б.Қожағұлұлы
Е) Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев
17. Ш.Уәлихановтың шын аты кім?
А) Ақ жігіт
В) Ибраһим
С) Әбілмансұр
Д) Мұхамедқанафия
Е) Мағауия
18. Қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырушы кім?
А) Ш.Уәлиханов
В) С.Көбеев
С) А.Қорамсаұлы
Д) С.Торайғыров
Е) А.Құнанбаев
19. Ш.Уәлихановтың алғашқы жазып алған дастанының аты не?
А) «Қыз Жібек»
В) «Алпамыс батыр»
С) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
Д) «Қобыланды батыр»
Е) «Қамбар батыр»
20. «Татьянаның қырдағы әнінің» авторы кім?
А) Ы. Алтынсарин
В) А. Құнанбаев
С) С. Торайғыров
Д) М. Дулатов
Е) А. Байтұрсынов
21. Сот реформасы туралы жазған кім?
А) Ш.Құдайбердіұлы
В) А.Байтұрсынов
С) Ш.Уәлиханов
Д) Ы.Алтынсарин
Е) Ж.Аймауытов
22. «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасын қазақша жырлаған кім?
А) М.Жұмабаев
В) М.Абайұлы
С) С. Торайғыров
Д) Ш.Құдайбердіұлы
Е) А.Құнанбаев
23. С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкері кім?
А) Ғайша
В) Қамар
С) Ғаникамал
Д) Жамал
Е) Шұға
24. Ш.Уәлихановтың әйгілі саяхат сапарын көрсетіңіз?
А) Атырау саяхаты
В) Сырдария саяхаты
С) Қашқария саяхаты
Д) Үндістан саяхаты
Е) Монғолия саяхаты
25. Ш.Уәлиханов еңбегінің атын белгілеңіз?
А) «Қазақ хрестоматиясы»
В) «Әдебиет танытқыш»
С) «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»
Д) «Тіл – құрал»
Е) «Тіл жұмсар»
Қазақ тілінен жүргізілетін жұмыстардың ішінде граматикалық талдауға біршама ұқсас, онымен жанаса жүргізілетін жұмыстардың бірі – фонетикалық талдау. Фонетикалық талдау граматикалық талдау емес, сондықтан оны фонетикалық талдау деп өз атымен атаған жөн.
1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
а - жуан, ашық, езулік дауысты;
ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;
е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;
ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;
і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;
и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).
2. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
б – ұяң дауыссыз;
в - ұяң дауыссыз;
ғ - ұяң дауыссыз;
д - ұяң дауыссыз;
ж - ұяң дауыссыз;
з - ұяң дауыссыз;
й – үнді дауыссыз;
к – қатаң дауыссыз;
л – үнді дауыссыз;
м - үнді дауыссыз;
н - үнді дауыссыз;
ң - үнді дауыссыз;
п - қатаң дауыссыз;
р - үнді дауыссыз;
с - қатаң дауыссыз;
т - қатаң дауыссыз;
у - үнді дауыссыз;
ф - қатаң дауыссыз;
х - қатаң дауыссыз;
ц - қатаң дауыссыз;
ш - қатаң дауыссыз;
щ - қатаң дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)
Мысалы, мына сөйлемдерге фонетикалық талдау жасап көрейік:
Ең алдымен сөйлемнен дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:
Оның шығармасы үздік деп табылды.
Оның о – ашық буын, ның – бітеу буын
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
н – үнді дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ң – үнді дауыссыз;
4 әріп, 4 дыбыс бар.
шығармасы шы – ашық буын, ғар – бітеу буын, ма - ашық буын, сы - ашық буын.
ш – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ғ – ұяң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
р – үнді дауыссыз;
м – үнді дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
с – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
9 әріп, 9 дыбыс бар.
үздік, үз – тұйық буын, дік – бітеу буын.
ү – жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
з – ұяң дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
і – жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
к – қатаң дауыссыз;
5 әріп, 5 дыбыс бар.
деп, деп – бітеу буын.
д – ұяң дауыссыз;
е – жіңішке, ашық, езулік дауысты;
п – қатаң дауыссыз;
3 әріп, 3 дыбыс бар.
табылды. та – ашық буын, был – бітеу буын, ды – ашық буын
т – қатаң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
б – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
л – үнді дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
7 әріп, 7 дыбыс бар.