В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
alicegluskin
alicegluskin
14.01.2021 10:01 •  Қазақ тiлi

1. Адамзат өміріндегі спорттың рөлі қандай?
2. Халықаралық спорт күнін белгілеудің қандай қажеттілігі бар
деп ойлайсыңдар?
3. Елімізде спорт күні қалай аталып өтіледі?​

Показать ответ
Ответ:
Onewood
Onewood
17.01.2020 06:52

қаланы көгалдандыру үшін пайдаланатын ағаштар олардың негізгі қасиеттеріне және көгалдандырудағы мақсатқа орай таңдалып алынуы шарт. айтарлық, қала халқының демалыс орны болатын жерлерге осы ағаштардың белгілі бір түрлері ғана жарасса, тұрғын аудандарды желден қорғау, өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөлу үшін басқа бір ағаш түрлері пайдаланылады. осыған байланысты қалаларды көгалдандыруға арналған ағаштарды жалпы, шектелген және арнайы мақсатта егілетін деп үш топқа бөледі [1].

жалпы халық тұтынатын ағаштарға парктер, бақтар, скверлер, бульварлар мен көшелердегі жасыл желектер жатады. олардың әрқайсысының өзіндік функциональдық ерекшелігі бар және елді мекендерді көркейтудегі маңызы зор. бұл ағаштарды халықтың тығыздығына қарай пайдалануға тиімді етіп отырғызу қажет.

қала халқының белгілі бір бөлігі ғана пайдаланатын өсімдіктерге оқу орындарының, ғылыми  — зерттеу институттарының, мен емдеу  — сауықтыру мекемелерінің, өнеркәсіп орындарының төңірегіне және тұрғын аудандардың ішіне отырғызылатын ағаш  — бұталар, гүлдер жатады. бұлардың түрлерін таңдап алу кезінде олардың функциональдық ерекшеліктерін есте мықтап ұстау қажет. себебі, белгілі бір мақсатқа орай отырғызылатын өсімдік түрлері де әртүрлі болмақ. мәселен, мектеп маңына егілетіндерінің түрлік құрамы табиғаттану мақсатына орай барынша бай болуы тиісті. ал емдеу  — сауықтыру және мекемелері үшін санитарлық  — гигиеналық қасиеттері басым өсімдіктер қажет болса, басқа бір орындарға сәндік өсімдіктерді отырғызған тиімді. өнеркәсіптік мекемелер еңбекшілерінің жұмыс істеуіне, дем алуына қолайлы орындар жасауға қажет өсімдік түрлерін таңдап ала білу шарт.

қандай мақсатта отырғызылатына қарай, әрі биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ағаш  — бұталар таңдап алынады. мысалы, су эрозиясын тоқтату үшін тамыр жүйесі барынша тармақталған, әрі қуатты ағаш тұқымдарын пайдаланған абзал. батпақты жерлерді құрғату үшін буландырғыш қабілеті жоғары, ал автомобиль жолдарының бойына газ, түтін және шаң ұстағыш ағаштар отырғызудың қажеттігін жоғарыда айтып өттік.

баққа оранған парктер салу үшін әртүрлі безендіру, гүлдендіру (, бордюрлар, миксборгерлер, партерлер, пергольдер салу) жұмыстары жүргізіледі. олар парктер мен бақтарды, скверлер мен бульварларды, үйлері мен қоғамдық мекемелердің, мектептердің, зауыт  — фабрикалардың территорияларын сәндендіріп, сұлу ғимараттардың архитектуралық бейнесін аша түседі.

гүлмен безендіріп, көркейту жұмыстарына орай оған тартымды рең беретін түсті таңдап ала білудің де маңызы зор.

ғажолдармен бөлінбеген, әртүрлі қ формадағы, шағын, небары 10–15 шаршы метр болатын бөліктер жатады. оларға негізінен топырақ бетін жауып тұратын әртүрлі гүлді өсімдіктер, жапырақтары сәнді самшит, юкки тәрізді бұталар да егіледі. ң құрамына газондар да кіреді. рабаткалар деп ұзақ гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер егілген, пішіні төртбұрышты бөлікті айтады.

бордюрлергеқандай да болмасын бір көгал алаңды сыртынан қоршап тұратын, гүлдеп тұрған немесе жапырақтары сәнді өсімдіктерден тұратын жіңішке алаптар жатады. бордюрлер гүлмен безендіру жұмыстарында жиі қолданылады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
5777Гусь111
5777Гусь111
19.01.2021 01:09

Менің ойымша, бақыт деген былай:

Адам армандап, мақсат қойып, жоспар әзірлеп, сол жоспар жолында дисциплиналы түрде өзін қадағалап нәтиже шығара білуі! Сол жолда ол түрлі кедергіге, қызықтар мен қиыншылыққа тап болады, соны бастапқы арманы үшін бұзып өтеді. Халқымызда сөз бар: "армансыз адам, қанатсыз құспен тең!". Адамдар нақты арман, мақсаты, қажетті білімі мен біліктілігі болмауы себепті рухани кризиске, жаманшылыққа, депрессияға ұшырайды. Мақсат болмаған соң әрекет те аз болады, әрекет тек өлместің күнін кешумен ғана шектеліп, алтын уақыты босқа кетіп, мына өмірдің қызығының дәмінен аз ғана татып көру ықтималдығы жоғары болатын сияқты. Әрбір мақсат жолындағы түрлі қиыншылықты жеңіп, нәтижені бағындыру, кейін оны еске алуы бір рақат сияқты. Ол арман жалғыз болғанмен, арман шеңберіндегі мақсат көп болуы мүмкін, мысалы: отбасын құру, оны асырау, бала-шағасына бір белесті бағындырып беру (тәрбие беру, денсаулығын қадағалау, қыдыртып-ойнату, оқу оқыту, секцияға жазып нәтиже шығарту, қадағалау), сол жолында комфорт жасау: сезондық киімдер, үй, көлік, бизнес жасау. Халқына пайда әкелер іспен, бизнеспен, ғылыммен де айналысу. Бұл жағдайда адам өзі де, өзгені де бақытты етеді және бұны әркім жасай алады, бұл жерде ешкім ешкімге міндетті емес, тек жақсылық жолындағы әрекеттер және оның қайтарымы міндетті түрде болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота