1. Алматыдағы субұрқақтың аты қандай? 2. Субұрқақ неге ұқсайды?
3. Субұрқақта неше жануардың мүсіні бар?
4. Субұрқақ қандай тастан жасалған?
5. Тастың түсі қандай?
6. Субұрқақтағы он екі жануар не үшін таласты?
7. Субұрқақтан қандай жел соғады?
8. Субұрқақты қашан жауыл қояды?
9. Субұрқақ қалай жасалған?
Ауыспалы келер шақ: 1.Атам ертең базарға барады. Дедушка завтра пойдет на базар. 2.Бүгін кешке қонақтар келеді. Сегодня вечером придут гости. 3.Ертең бізде алты сабақ болады. Завтра у нас будет 6 уроков. 4.Мен ата-анамды жақсы көремін. Я люблю своих родителей. 5.Менің әпкем жақсы билейді. Моя сестра хорошо танцует.
Шығарма.
Менің сүйікті мерекем.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.