1. Қандай үдерісті жылуөткізгіштік деп атайды? 2. Адам өзінің тұратын жерін жылы ұстау үшін жылуөткізгіштік
қасиетін қалай пайдаланады?
3. Жылуды жақсы өткізетін және жылуды нашар немесе тіпті өт-
кізбейтін материалдарға мысал келтір. Олардың қасиеті тұрғын
үйлердегі жылуды оқшаулау үшін қалай қолданылады?
Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан
Тәкәппарлық - көреалмаушылық, қызғаныш секілді жүректің дерті. Бүгінгі таңда тәкаппарлықтың белгісін еңкейген кәріден де, бесіктен белі шықпаған жастардан да байқалады. Бұл адам бойына жараспайтын сипаттың қаншалықты зиянды екенін бірі білсе, енді бірі білмей жатады. Мінеки осы қасиеттен сақтандыру үшін Алла елшісі (с.ғ.с.) хадисінде:
«Жүрегінде тозаңның салмағындай тәкаппарлық болған кісі жәннатқа кірмейді. [4]»
Менменшіл – адам бойындағы жағымсыз қасиет.
Менмендік бойын жайлаған адам тек өзінің түйсігіне, күйзелісіне, қызығушылығына көңіл аударады. Менмендік адамның өзін басқадан артық санап, бақ пен байлықты көтере алмай, ақымақтық пен тәкәппарлыққа салынуынан көрінеді. Менмен адам өзімшіл болып, басқа адамдардың көзқарасымен, пікірімен санаспай, тек өз мүддесін ғана ойлайды. Менмендіктің шектен шыққан түрлері психикалық аурулардан да байқалады