1. Ғарышты бағындырудың қазақ жерінен бастау алғаны сендерге қалай әсер етті?
2. Жасанды серіктерді ұшырудың себебін қалай түсінесіңдер?
3. Қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа ұшқанынан қандай әсер ал-
дыңдар?
4. Әлемге әйгілі Байқоңырдың болашағын қалай елестетесіңдер?
Шыны керек, менің тілім – қазақ тілі болғанын мақтаныш етемін. Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпағының санасына құя білген.
Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Оған өз басым күнде куә болып жүрмін. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. Тәуелсіздік алғалы осындай мәселелер жиі көтеріледі. Ондағы мақсат – ұлттық тілдің қадірін қайтару.
Ал, негізінде тіл және тәуелсіздік бір-бірімен мазмұндас ұғымдар.
Тәуелсіздік – ұлттық қасиетті қадірлеуден басталса керек. Ал «өзінің ұлттық қасиетін, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» деген М.Әуезовтің керемет дана сөзі бар. Расында да, өз тіліңнің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің қадірін сезіну екіталай емес пе?!
Талай ақын, шешен бабаларымды бұлбұлша сайратқан, жарға соққан толқындай екпінді, наркескендей өткір тілімнің осынау уақытқа дейін тұншығып, қадір-қасиетінен айырылуға шақ қалғанда, қазақтардың көзі ашылып, қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деп жариялады. Алайда, мәселе мұнымен біткен жоқ еді. Бойында не рухы жоқ, не қорқақ, не қара бас қамын ойлайтын «маған бәрібір» дейтіндер көбейді. Міне, сондықтан да өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Қазақ тілін алғаш қолданыста бәзбіреулер араб пен парсыны, одан кейін ноғайды былдырлатып, орысты араластырып тілді құртуға шақ қалғанда, аға-буын бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп суалған тілімізді қайтадан тірілтті
Объяснение:
міне тіл туралы эссе тіл біздің ана тіліміз
Объяснение:
Адам – жаратылысы бөлек ақыл иесі, əрқайсысы – бір мектеп. Өмір жолымызда кездескен əр адамды тану арқылы өзімізді де танитынымыз рас. Кей адамдармен өтірік сөйлескенге де тақырып таба алмайсың, кей адамдарға ішіңдегінің бəрін айтып үлгермейсің, кей адамдар сені тыңдамайды да... Біреулерге «Маған керек кезде ғана хабарласады» деп ренжиміз, өзіміздің де сондай əдетіміздің барын ұмытып... Ойлап қарасақ, біреуге керек болғанның өзіне не жетсін? Адам «Керек кезде ғана хабарласса», демек сіздің қолыңыздан бірдеңе келеді, демек ол адам сіздің күш-қуатыңызға сенеді. Оның өзі қайда жатыр? Бұл – адамдар арасырдағы қарапайым қарым-қатынас.
Кейбір жандар арасында қарым-қатынастың әлдеқайда биік түрі орнайды. Ол – рухани байланыс, рухани жақындық. Рухани жақындық екі адамның бір-бірін шынайы түсінуіне, кей көзқарастарының, мақсаттарының ортақтығына, бірін-бірі тыңдап, бір-біріне жанашырлық танытуларына негізделеді. Мұндай адамдар бір-бірінен ештеңе күтпейді, керісінше өздерінде барымен бөлісіп, сол арқылы өздерін бақытты сезінеді. Бір қуануыңызға себеп болатын, әлеуметтік желілердегі мәнді жазбаларымен бөлісетін, сізге кітап сыйлайтын немесе «Мына кітапты оқы» деп ақыл айтатын, жай ғана халіңізді білу үшін хабарласатын, ұйқысын қиып, сізбен сұхбаттаса алатын таныстырыңыз бар болса, соларды ерекше бағалаңыз. Олар күнде кездесе бермейді. Менің сондай жақындарым бар, шүкір! Ал сіздің ше? Тағы қандай қарым-қатынас түрлерін білесіз?