В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
aruka996
aruka996
10.01.2021 02:04 •  Қазақ тiлi

1. Ашық дауыстыларды анықта.

А) О,Ө,М,У.В) Ы,І,О,Ө.С) А,Ә,О,Ө,Е.Д) Ә,Ө,О,І.

2. «ң » әрпі жазылатын сөзді белгіле.

А) Сана.В) Бұрынғы.С) Көніл.Д) Концерт.

3. Тасымалдауға келмейтін сөздерді көрсет.

А) Қала,қауын,орман.В) От,бұлт,ата,ою.С) Кеше,қиын,жуын.

Д) Бөлтірік,ауыз,жауын.

4. Дыбыс үндестігіне сай дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) Досжан,сөзсіз.В) Дозжан,сөззіз.С) Дожжан,сөссіз.Д) Дошжан,сөсіз.

5. Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді ата.

А) Қысқарған сөз.В) Күрделі сөз.С) Біріккен сөз.Д) Қос сөз.

6. Қысқарған сөздерге қосымшалардың жалғануын көрсет.

А) Үтір қою арқылы.В) Бірге жазылады.С) Бөлек жазылады.

Д) Сызықша қою арқылы.

7. Синоним сөздерді белгіле.

А) Кәрі,қарт,қария.В) Биік,аласа.С) Қате,дұрыс.Д) Ата,әже.

8. Туынды сөзді анықта.

А) Тәрбие,таулы.В) Құрылысшы,көңілді.С) Жыр,төрле.Д) Еңбек,тәрбиеші.

9. Сөздерді құрамына қарай ата.Су,аң,шекара,кеш,ән.

А) Түбір сөз.В) Туынды сөз.С) Дара сөз.Д) Күрделі сөз.

10. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап.

А) Бөлмелер.В) Дәрігермін.С) Ұшаққа.Д) Бейбітшілікті.

11. I-II жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте қандай жалғаулар жалғанатынын көрсет.

А) -нда,-нде.В) -на,-не.С) -а,-е.Д) -ны,-ды.

12. Туынды зат есімнің жасалуын анықта.

А) Жалғау жалғану арқылы.В) Жұрнақ жалғану арқылы.

С) Туынды зат есім болмайды.Д) Жалғау,жұрнақ жалғану арқылы.

13. Шығыс септікте тұрған сөзді анықта.

А) Терезені.В) Кітаптар.С) Киімін.Д) Шегірткеден.

14. Бірінші сыңары сын есім,екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін көрсет. А) Екі бала.В) Тұнық су.С) Сегіз жыл.Д) Тез оқу.

15. Есептік сан есімді реттік сан есімге дұрыс айналдыр.

А) Төртеу сынып.В) Төртінші сынып.С) Төрт сынып.Д) Сынып төртеу.

16. Күрделі етістікті белгіле.

А) Айтып отыр.В) Сөйледі.С) Жауды.Д) Жап.

17. Сөйлемге тиісті тыныс белгіні тап. Мұзайдында коньки тебу қандай тамаша

А) Нүкте.В) Леп белгісі.С) Сұрақ белгісі.Д) Қос нүкте.

18. Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлеміндегі баяндауышын тап.

Қарлығаш төмен ұшса,күн жауады.

А) Ұшса.В) Жауады.С) Төмен.Д) Күн.

19. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықта.

А) Анықтауыш.В) Толықтауыш.С) Бастауыш,баяндауыш.Д) Пысықтауыш.

20. Қыстырма сөздерді белгіле.

А) Амал қанша,бәсе.В) Қысқасы,кездестір.С) Кім біледі,кекшіл.

Д) Жетпіс,кім білсін.

Показать ответ
Ответ:
w0bneir
w0bneir
25.10.2021 03:01

Біз бейбітшілікті сүйеміз.


Бейбітшілік-ғаламдағы адамзат үшін ең құнды қазыналардың бірі.Біз татулығы жарасқан елде ғұмыр кешудеміз.Себебі,Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері ынтымақтастықта тұрады.Біз,қазақтар,өзге ұлт өкілдерімен жанжалдаспай,керісінше олардың тілімізді,мәдениетімізді үйренуге деген құлшыныстарын қолдаймыз.Мысалы,біздің көршілеріміздің ұлты - кәрістер.Әрине,мәдениетіміз бен тілімізде үлкен айырмашылық бар.Алайда,біз олармен жақсы қарым-қатынастамыз.Олар қазақ тілін үйрену үстінде.Біз де олардың мәдениетінен біршама нәрсені үйреніп жүрміз.Осының барлығы біздің адамдар қай ұлт өкілдері болмасын олармен арадағы бейбітшілікті сүйетіндігіміздің айғағы.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Егор02121
Егор02121
05.05.2023 12:43
Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу құс - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Поэмада аққудың махаббаты арқылы адал махаббат мен пәк сезім жырланады. Табиғаттың сұлулығымен қауышқан қос ғашықтың көңілді, алаңсыз, бақытты күндері ұзаққа бармайды. Оны «Сұр мерген» аңшы келіп атып алады. Поэмада жауыздықтың символы ретінде аңшының қатігездігі суреттелсе, сол жауыздыққа шендестіріле аққудың махаббатқа адалдығы суреттеледі. Поэмадағы басты идея: Табиғатты қорғау керек; Сұлулықты бағалай білу керек; Өмірде қатыгездіктің болуы; Аққу құс - мәңгілік махаббат иесі; Екі аққудың аянышты тағдыры. Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Ғашық жұптың махаббат биі де ақын қаламынан тыс қалмайды. Осындай бақытты сәтте сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" дегендей ыңай білдіреді. Сосын мергеннің алдына, жерге өзін ұрып мерт болған аққу осы әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді. Жалпы, Сәкен ақынның ақындың қарымын танытқан поэма қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты шығарма.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота