1. Аттың бабы мен сыны, қасиеті туралы қандай шығармалар білесіңдер? Ілияс Жансүгіровтің жылқы тақырыбына жазылған қандай әндерін,
өлеңдерін естіген едіңдер?
3. Оқыған үзіндіде не жайлы айтылады?
4. Көмбе, керме, кереге, ірге сөздерінің мағынасын түсіндірейік.
5. Кулагерді көрген жұрт не десті?
6. Күреңбай сыншының қандай сөзіне жұрт таңғалды?
7. Көктұйғын кімнің тұлпары еді?
8. Ақанның келгенін кім жақтырмады?
9. Ақан мен Батыраштың арасындағы әңгіме қандай сипатта өтті? Не
себепті олай болды?
10. Би болсаң, би шығарсың Алтайыңа,
Тілімді, терезем тең, тартайын ба?!
Көгіңді бөктермесем атым сенікі,
Шапса да әкең мініп байталына! - деген жолдардан Ақанның қандай
мінездері көрінеді?
Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрадЫ