1. Ауа қандай? Ауаның қасиеттеріне кластер құрастырамыз. Мағынаны тану:
Атмосфераның құрамы. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот – N 78 % . Оттегі — O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол – кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң – тозаңдар кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді.
Сондықтан да жоғарғы шекараны дәл белгілеп айту қиын, шамамен 2-3 мың км шамасында бітеді. Төменгі қабатта ауа тығыз әрі ауыр болады. Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді қоршап тұр.
Әңгіме
Зиянкестер.
Адам дұшпаны болатын секілді,кез келген тіршілік иесіне өз зақымын тигізетін тіршілік иелері де болады.Оларды біз зиянкестер деп атаймыз.Зиянкестер – адам,жануарлар мен өсімдіктер бойында әр түрлі ауру қоздырғышын таратып,зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы.Зиянкестер адамнан бастап әр түрлі шаруашылық салаларына біршама апат алып келеді.
Мысалы,ауыл шаруашылық зиянкестері — егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап,түрлі аурулар таратады. Олар:кемірушілер,бауыраяқты ұлулар,жұмыр құрттар және тағы да басқа. Зиянкестердің де ішінде жиі кездесетін түрлері: шаян тәрізділер,көп аяқтылар және өрмекші тәрізділер.Зиянкестердің түрлері көп және олардың өсімталдығы жоғары дәрежеде.
Адамның зиянкестері адамды ауруға шалдырып,ең ақыр аяғында ауруханаға жөнелтеді.Жануарлар мен өсімдіктердің зардап шегуі – азық-түліктің азаюына әкеп соқтырады.Сондықтан да,қазіргі таңда зиянкестермен күрес қарқынды жүруде.