1.Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін кілттік сөздерді пайдаланып анықтаңыздар (6) Қасым хан
Хақназар хан
Тәуекел
Кілттік сөздерді жіктеп кестегі жазыңыз:
1597-1598 жж Бұқар ханымен Ташкент пен Самарқан арасы шайқасты , Бұқарлықтарды жеңді.
Ташкент билеушісін Түркістан мен Саураннан ығыстырып, бұл жерлерді қазақ хандығына қосып алды.
1513 жылы қазақ әскерлері Сйрамға келді, қала билеушісі қаланы ұрыссыз берді.
Сібір ханы Көшімнің иелігіндегі жерлер Қазақ хандығының құрамына қосылды.
Мәскеу билеушісі Иван Грозныймен елшілік қатынастар орнатты.
Халықтың саны бир миллионнан асып, әскер саны 300 мың болды
2.Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, қорытынды жасаңыз (5)
Есім ханның сыртқы саясаты
Тәуке ханның сыртқы саясаты
1.
2.
1.
2.
Қорытынды:
3. Кестеде әлеуметтік топтардың қоғамдық қызметін сәйкестендіріңіз
Әлеуметтік топ өкілдері
Қызметі мен қоғамдағы ролі
Сұлтан
Рулар мен тайпа басшысы, әкімшілік, сот істерін атқарады
Би
Ұлы Далада ислам дінін таратушылар
Батыр
Рулар мен тайпалардың ешқайсысына жатпайды, жүздер жүйесіне кірмейді, қоғамнан жоғары тұрады, олар Шыңғысханның ұрпақтары осы лауазымды иеленді
қожа
Шайқастағы жеке ерлігі мен қолбасшылығы үшін осы атақ берілді
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
Қазтуған жырау ноғайдың Едисанордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабардин кінәзі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.