Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Төл сөз – біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілген сөз.
Төлеу сөз – сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөз. Төл сөзді төлеу сөзге және керісінше төлеу сөзді төл сөзге айналдыруға болады.
Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатындығын, қандай жағдайда айтылғандығын айқындап тұрады. Төл сөзі мен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын көмекші етістік арқылы байланысады: де- деді- деп- дейді- деген- дегендей.
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
«Төл сөз»,-автор сөзі.
Мысалы: « Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой», - деп Жамал даусын солғындау шығарды.
- Төл сөз, - автор сөзі.
Мысалы: - Осы пәтер сенікі ме?-деп сұрады Венера.
2. Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз».
Мысалы: Жиренше сөз таба алмай ұялып қалды: « Ұят болды. Өзім де өкіндім».
Автор сөзі: - Төл сөз.
Мысалы: Марат былай деп жауап берді: -Кешіккендер сыбағадан құр қалады.
Менің арманым

3. Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі.
Мысалы: Оспан келді де: « Әсет, шырағым, сені әкең шақырып жатыр», - деді.
Автор сөзі: - Төл сөз, - автор сөзі.
Мысалы: Директор: - Мұны қалай түсінуге болады?- деп сұрады.
4. Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасады.
«Төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз».
Мысалы: «Менің оқулығым емес, - деді Маржан, - сіңлім ұмытып кеткен болар».
- Төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз.
Мысалы: - Ол, - деді Болат, - сенің сіңлің бе?
сөз төлеу сөзге айналу жолдары (пути превращения прямой речи в косвенную речь)
1. Төл сөздегі бастауыш төлеу сөзге айналғанда, анықтауыш немесе басқа тұрлаусыз мүше болады.
Мысалы: «Биік мансап – биік жартас», -деді Абай. = Абай биік мансаптың биік жартас екенін айтады.
2. Төл сөздің автор сөзімен байланысуы үшін төлеу
сөзде –айтты-айтады-хабарлады-бұйырды-өтінді т.б. етістіктерді талап етеді.
Мысалы: Ол менен: -Сен қайда барасың? – деп сұрады.= Ол менен қайда баратынымды сұрады.
3. Төл сөздің құрамындағы баяндауыш сөз немесе сөз тобы төлеу сөзге айналғанда, толықтауыш, бастауыш немесе сөйлемнің басқа мүшесіне айналып кетеді.
Мысалы: «Жұмысқа кешікпей келіңдер»,- деді бастық. = Бастық біздің жұмысқа кешікпей келуімізді ескертті.