1. Бастауыш қатыспаған жай сөйлемнің түрі A) жалаң
B) жайылма
C) жақты
D) жақсыз
E) толымды
2. Бір сөз немесе сөз тіркесінен құралған жай сөйлемнің түрі
A) атаулы
B) толымды
C) толымсыз
D) жалаң
E) жайылма
3. «1928 жылы театр Алматы қаласына қоныс аударды» сөйлеміне тән қатар
A) жақты, жалаң, толымды
B) жақты, жайылма, толымсыз
C) жақты, жайылма, толымды
D) жақсыз, жайылма, толымды
E) жақсыз, жалаң, толымсыз
4. «Мұнымен қатар 1926 жылдың 5 қазанында театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған Жұмат Шаниннің де өзіндік орны бар» сөйлеміндегі бастауыш
A) директоры
B) көркемдік жетекшісі
C) өзіндік
D) орны
E) бар
5. «1933-34 жылдары театрдан музыкалық студия бөлініп шықты» сөйлеміндегі асты сызылған сөздің қызметі
A) мекен пысықтауыш
B) амал пысықтауыш
C) мөлшер пысықтауыш
D) мезгіл пысықтауыш
E) мақсат пысықтауыш
6. «1932-1938 жылдары Мұхтар Әуезов театрда әдебиет бөлімінің жетекшісі болды» сөйлеміндегі баяндауыш
A) Мұхтар Әуезов
B) театрда
C) әдебиет бөлімінің
D) жетекшісі болды
E) болды
7. Тыныс белгілерін зерттейтін тіл білімінің саласы
A) синтаксис
B) морфология
C) пунктуация
D) фонетика
E) лексика
8. Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда қойылатын тыныс белгісі
A) нүкте мен сұрау белгісі
B) сұрау белгісі мен леп белгісі
C) леп белгісі мен сұрау белгісі
D) көп нүкте мен сұрау белгісі
E) көп нүкте мен леп белгісі
9. Бұйрықты сөйлемдердің соңына қойылатын тыныс белгілері
A) леп белгісі, сұрау белгісі
B) леп белгісі, нүкте
C) леп белгісі, көп нүкте
D) нүкте, сұрау белгісі
E) көп нүкте, сұрау белгісі
10. «Театрға арнап көркем пьесалар ғана жазып қоймай, әлемдік драматургиядағы көптеген шығарманы қазақ тіліне аударды» сөйлеміндегі үтірдің қойылу себебі
A) бірыңғай мүшелердің арасына
B) құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына
C) оңашаланған айқындауыштың арасына
D) қыстырма сөздердің арасына
E) қаратпа сөздердің арасына
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.
Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).