1. «Батыр Баян» дастанының тақырыбын анықтап көріңіз. А) қос ғашықтың махаббат жолындағы күресі
В) қазақи рух пен жігер, ел намысын қорғау
С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік
Д) ел бірлігін нығайту, жерді қорғау
[1]
2. Дастандағы Ноянды сипаттаған сөз оралымы?
А) қоңыр қаз
В) оққа ұшпайтын марал
С) бөрінің бөлтірігі
Д) қанды балақ
[1]
3. «Көксерек» әңгімесінде «Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде ел болмайды» деп кім айтушы еді?
A) әжесі
Ә) Қасен
Б) Бейсембай
В)үлкендер
[1]
4. «Екі бала селоның шығыс жақ шетіне екі жүз метрдей жақындап келді де, бір топ бүргеннің түбін паналап отыра кетті.» Шығармадағы бұл эпизодта Борис пен Серік ...
А) немістерден қашып келеді.
В) Серіктің әкесін іздеп жүр.
С) Иван Гаманға хат әкеле жатыр.
Д) отрядты іздеп келе жатыр.
[1]
5. «Тәмпіш қара» повесіндегі шығарманың шешімі -
А) Ертай салған суреттің «Октябрь балалары» газетіне шығуы
В) Иманбектің Шаншатайдан кешірім сұрауы
С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы
Д) Балалардың мақаланы Теке қарттың үйіне барып оқуы
[1]
6. Абылайдың Қанай биге «Баянсыз қанатымды қалай жаям?» деуінің себебін түсіндіріңіз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
[2]
7. Көксеректің ауыл тұрғынына айналған кезі мен жойқын, дүлей күшке айналған бейнесін салыстырыңыз (3-4 сөйлем).
[2]
8. «Тәмпіш қара» повесінде Шаншатай бойынан қандай қасиеттерді байқай алдыңыз? Шығармадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
[2]
9. «Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы!» деген Сильвестердің ойын әрі қарай дамытып жазыңыз (3-4 сөйлем).
10. Үзіндідегі көркемдегіш тәсілдердің қолданысын түсіндіріңіз (3-4 сөйлем).
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан,
Ерлерді ұмытса де ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
[2]
11. «Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» деген пікірді қалай түсіндіресіз? Шығармадан дәлелдер келтіре отырып эссе жазыңыз.
те адрес электронной почты и получите 10 .
школьные знания.com
какой у тебя вопрос?
5 - 9 классықазақ тiлi 5+3 б
тәуелсіздік туралы эссе
отметить нарушение aibashaiba46544545 20.11.2016
ответы и объяснения
karipullasaya новичок
«тәуелсіздік» осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-ң аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. бұл қол жетпес бақытқа жету жолында алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді.
жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе!
әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін алмағаны қаншама! сонау 1776 жылдың 4 шілдесінде америка құрама штаты құрылып, тәуелсіздік декларациясын қабылдады, ал осы кезде қазақ халқының тағдырына егеменді ел болу үшін жоңғар, қалмақтармен соғысу жазды. бұл күндері қазақстан - егемендігін алған жас мемлекет, алайда, оның үш мың жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін.
бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз, яғни тәуелсіздік атты өшпес ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін. қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. ендігі алаңдайтын мәселе, әлемнің басқа елдеріне көз салсақ, мемлекет ішінде болып жатырған қақтығыстар, төңкерістер жүректі ауыртады. жастарымыз түрлі діни ағымдарға еріп кетпей, қасиетті аталардың жанын қиған оқиғалар қалған еліміз тыныш болсын деп тілейміз.
әлемнің алпауыт елдерінде өтіп келе жатырған ехро-ның 2017жылғы көрмесі өзіміздің астана қаласында өтетіні белгілі болды. бұл бағындырған биік белестер қазақстандай жас елдің күннен-күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді. бір кездері арман болған азаттықтың жоғары жетістіктері жанымызды жадыратады.
тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында. сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс.