1. Берілген сөйлемнен көмекші есімдігі бар сөйлемді тап: А. Бейбіт өмір сүру үшін татулық қажет.
Ә. Мектептің жанында балалар жүр.
Б. Көп тіл білу – рухани байлық.
2. Тіл үйренудің құпиясы:
А. Өз тіліңді жақсы білсең ғана, басқа тілді үйрене аласың.
Ә. Ана тіліңнің қыр – сырын білу міндетті емес.
Б. Тіл үйрену курсына бармасаң да болады.
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А. Қыпшақ.
Ә. Түркі.
Б. Роман – герман.
4. «Басында, соңында» көмекші есімдерін қай сөзбен байланыстыруға болады?
А. Оқу жылына
Ә. Оқу жылын
Б. Оқу жылының
5. «Қазақ тілі» өлеңінің авторы?
А. Мұхтар Әуезов.
Ә. Абай Құнанбаев.
Б. Мағжан Жұмабаев.
6. Сағат неше? 09.50 Қайсы дұрыс?
А. Сағат онға он минут қалды.
Ә. Сағат тоғызға елу минут кетті.
Б. Сағат онға он минут кетті.
7. «Қызыл» сын есімінің күшейтпелі шырай түрі.
А. қызылдау
Ә. қып - қызыл
Б. қызылырақ
8. «Дәмді» сын есіміне жалғанатын жұрнақ
А. - ірек
Ә. - рек
Б. – лау
9. «Өмір», «дүние» дегенің – ағып жатқан су екен» деген сөздің авторы?
А. Мұхтар Әуезов.
Ә. Мағжан Жұмабаев.
Б. Абай Құнанбаев.
10. «Мұздық» сөзінің аудармасы
А. Лёд
Ә. Гололёд
Б. Ледник
Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер; шала түрленіп даму (инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала, т. б.) және толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б.).
Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.
Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа —> имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа —> дернәсіл —>
толық түрлент даму: жұмыртқа дернәсіл —> қуыршақ —> имаго.
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.
Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын к омыртқасыз жәндіктер класы. Олар ғаламшарымызда көп таралған. Қазіргі кезде 700, 000 жуық түрлері бар. Бунақденелілер екі класс тармағына жіктеледі. Олар 1. туқанатсыздар, 2. Қанаттылар. Бунақденелер класында 35 отряд бар. Басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшілігі - денесі үш бөліктен құралған. Олар: бас, көкірек, құрсақ бөлімдері. Алты аяқты, көпшілігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері алуан түрлі қызмет атқарады. Сезім мүшелері жақсы дамыған. Екі мұртша, жай және күрделі көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігінде қимыл - қозғалыс қызметін атқаратын аяқтары мен қанаттары болады.