1. берілген үзіндіден көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз. би әділ болды. тура билік етті, нашарларға қарасты. баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «ай, аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл! » - деп, көңілін басушы еді дейді.2. бос бағанды толтырыңыз.жырдың тақырыбы әдеби жанры негізгі идеясы жыр сюжеті3. жырдағы автордың бейнесін, ойын анықтаңыз. алып - ер тұңға өлді ме? опасыз дүние қалды ма? заман өшін алды ма? енді жүрек тербетер салты мұндай-ақ, бұдан да басқа сөз көп-ақ. заман атса кезеп-ақ, таулардың басы күйрелер
"Компьютермен жұмыс жасау зиян" тақырыбында диалог.
- Сәлем, Әсем!
- Сәлем, Болат! Қалайсың?
- Жақсымын, сен ше?
- Менде де бәрі жақсы, достым. Бүгін тағы компьютерлік ойындар ойнаймыз ба?
- Жоқ, одан да саябаққа барып ойнайық.
- Неге?
- Біз бүгін информатика сабағында компьютердің зияны туралы өттік. Компьютерде шамадан көп отырсаң, денсаулығыңа, ойлау жүйеңе зиян келтіреді. Білесің бе, Әсем, әр 20 мин сайын көзге жаттығулар жасау керек. Монитор мен адамның арақашықтығы да сақталуы керек екен. Біз тіпті дұрыс отырмайды екенбіз ғой.
- Мәссаған! Жарайды, онда түсте саябақта кездесейік.
- Жарайды, кездескенше!
Қаратпа сөздер: Әсем, Болат, достым.
Қазақтың ұлттық қолөнері.
Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.
Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өс иетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.