1. Берілген жаттығуда етістіктерді қалау рай тұлғасындағы етістіктерге айналдырып жазыңыз.В предлагаемом упражнении глаголы преобразуйте в форму желательного наклонения.
1. Мен ертең саған бар 2. Олар ертеңгі пойызға отыр 3. Біз сабақты жақсы оқы 4. Сен далада футбол ойна 5. Сәрсен жақсы жұмыс істе 6. Сіздер қаланы қөр ... ме? 7. Сіз ұйықта ... ба? 8. Сен дүкеннен не ал ...? 9. Сендер жазда ауылда демал 10. Мен кешке теледидар көр 11. Менің әжем жазда баласына жүр 12. Біз қазір нанға май жағып же
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.