1.Бейітке қойылатын тас белгісін қалай атаймыз? А) құлпытас В) ескерткіш С) жазба ескерткіші Д) сурет
2. Өздік етісін тап.
А) айтылды В) жуынды С) көргізді Д) жаз
3. Жазба әліпбилік негізін ашқан кім?
А) С.У.Ремезев В) Н.К.Видзен С) Вельгелм Томсен Д) И.Т. Страленберг
4. «Күлтегін» жыры неше түрлі нұсқадан сақталған?
А) 4 В) 1 С) 3 Д) 2
5. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
А) парсы B) түркі С) латын D) қазақ
6. Төл жазудың керемет нұсқасын жасаған ұлы реформаторды ата.
А) Мағжан Жұмабаев В) Ғабит Мүсірепов
С) Ахмет Байтұрсынов Д) Сәбит Мұқанов
7. Шығыстың ұлы ойшыл, ғалымы кім?
А) Тоныкөк В) Білге қаған С) І. Есенберлин Д) Әбу Насыр әл-Фараби
8. Нешінші жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды?
А) 1929-1940 ж В) 1929-1941 ж С) 1940-1941 ж Д) 1929-1930 ж
9. Өзгелік етіс қатысқан сөйлемді көрсет.
А) Алыстан жартастағы көне жазулар көрінді.
В) Ол басласына өлең айтқызды.
С) Сақ тайпалары бір-біріне көмектесті.
Д) Біз радио тыңдаймыз.
10. «Ертең біз жол жүреміз» өлеңінің авторы кім?
А) Мағжан Жұмабаев В) Ғабит Мүсірепов
С) М.Мақатаев Д) Сәбит Мұқанов
11. Берілген сөйлемнен ортақ етісті тап:
Мен Мұраттың жүгін көтерістім.
А) Мен В) Мұраттың С) жүгін Д) көтерістім
12. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» атты тарихи шығармасы неше бөлімнен тұрады.
А) бір бөлімнен В) екі бөлімнен С) үш бөлімнен Д) төрт бөлімнен
13. Ырықсыз етісті тап.
А) жуын В) жеткіз С) жуыс Д) жазылды
14. ҚР Тұңғыш Президенті қашан сайланды?
А) 1991 жылы 1 желтоқсанда
В) 1991 жылы 2 желотоқсанда
С) 1993 жылы 15 қарашада
Д) 1995 жылы 30 тамызда
15. Мезгіл үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
А) кім? не? В) қандай? қай?
С) қашан? қашаннан? Д) не істеді? қайтті?
негізгі ақпарат:Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарында қыста да жаңбыр жауады
Жаңбыр – бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары.
Қосымша ақпарат:Метеорология ғылымының түсіндіруі бойынша, ауаның температурасы жылы кезде бұлттағы ұсақ су тамшылары үнемі қозғалыста болады.
Сұрақ:
1) "Әнеки, жаңбырлық киген, қалпақты қазақ жігіттері де келді" бұл сөздерді кімнің шығармасынан кездестіруге болады?
2)Былғары бүрку дегеніміз не?
3)еліміздің қай аймақтарында қыста да жаңбыр жауады?
4)Нөсер дегеніміз не?
5)Жаңбырлық сөзінің екінші мағынасы қандай?
Туған күні
1804
Туған жері
Бөкей Ордасы, Жасқұс
Қайтыс болған күні
20 қазан 1846
Қайтыс болған жері
Қараой
Әскер түрі
атты әскер
Шайқасы
Тастөбе шайқасы
Ақбұлақ шайқасы
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.
Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.