1) дара күндерімнің, нала түндерімнің
серігі болғаның үшін,
сенім болғаның үшін
мен сені аялаймын.
автор бейнесі:
менің пікірім:
2) біреуің күлкісін көріп,
бақыттың түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңда күлімдеп келем.
автор бейнесі:
менің пікірім:
– Саламатсыңдар ма,балалар?Көңіл-күйлерің қалай?
– Жақсы.
– Ендеше үй тапсырмасына не беріліп еді?
– Компьютердің пайдасы мен зияны туралы ауызша дайындалып келу.
– Жарайды,онда дайындалуға 5 минут берем.Сонан соң сабақ сұраймын.
* * *
– Ал кім маған компьютердің пайдасы туралы айтып береді?
– Апай,мен айтайыншы!
– Қане,айта ғой,Бекет.
– Компьютер,ең біріншіден,еңбек өнімділігін арттырады.Яғни,аз ғана уақыт ішінде сіз іздеген ақпаратыңызды тауып,есеп жүргізіп,кесте сыза аласыз.Компьютер арқылы соншама қашықтыққа қарамастан алыстағы адамдармен қарым-қатынас жасай аласыз.Үшіншіден,әрине,уақытыңызды көңілді өткізе аласыз.Компьютермен фильмдер көріп,ойын ойнай аласыз.
– Өте жақсы.Отыра ғой, Бекет.Барлығың оған қосыласыңдар ма?
– Ия!
– Ал компьютердің зияны туралы кім сөз қозғағысы келеді?
– Мен!Мен!
– Тынышталамыз,оқушылар!Аяулым,сен айтып көрші.
– Компьютер денсаулыққа біршама зияндық әкеледі.Көп отырсақ,көзіміз белгілі бір қашықтықтан көрмей қалуы әбден мүмкін.Дұрыс отырмаудың әсерінен омыртқа тірегі бұзылады.Әрі компьютерден радиациялық сәулелер бөлінеді.Көп отырсақ тамаққа деген тәбет бұзылады.Ұйқы,зейін қою да баяулайды.Және компьютерден тәуелді болып қалу мүмкіндігі де жоғары.
– Жарайсың,Аяулым!Қосарларың бар ма?
– Және де компьютердің әсерінен адамның психикасы да бұзылуы мүмкін.
– Дұрыс айтасың,Диана.Сонымен,егер уақытымен пайдаланып,арасында жаттығу жасап тұрсақ,компьютердің зиянын көрмейміз ғой?
– Ия!
– Жарайсыңдар.Үй тапсырмасына барлығың да дайындалып келіпсіңдер.Жаңа сабақ бастайық.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.
Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.
Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:
«Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.